- Басты
- Жаңалықтар
- Экономикалық дипломатияны күшейту бағыты ҚР СІМ үшін басым бағытқа айналды – Әбдірахманов
Экономикалық дипломатияны күшейту бағыты ҚР СІМ үшін басым бағытқа айналды – Әбдірахманов
Парламенттің Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы Б. Әйтімова өз сөзінде Кеңестің үш негізгі бағыт – ақпараттық, сараптамалық-талдау және қоғаммен және ҮЕҰ-мен байланыс бойынша жұмысының нәтижелерін атап өтті.
«СІМ экономикалық және саяси ахуал, сондай-ақ бірнеше ондаған елдерде жүргізіліп жатқан реформалар мен өзгерістер туралы деректерді жинау бойынша ауқымды жұмысты іске асырды. ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтымен бірлесіп, бұл материалдар әр түрлі өңірлермен және елдермен ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жаңа бағдарламалар әзірлеу кезінде зерттеліп, негізге алынатын болады», - деді Б. Әйтімова.
Отырыс барысында ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ведомствоның ағымдағы жұмысының негізгі бағыттары мен басымдықтары туралы айтып берді. Жаһандық қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндерге және осыған орай, Қазақстанның әлемдегі жаңарған рөлін анықтауға ерекше көңіл бөлінді. Министр өз сөзінде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысының негізгі басымдықтарына толық тоқталып өтті.
«Біздің еліміздің БҰҰ ҚК мүшелік етуінің жоғарғы орнында мәлімделген мақсаттары мен міндеттері аса ауқымды және өршіл. Олар бойынша жұмыс Қазақстан Үкіметінің, Парламентінің және ресми ведомстволары мен азаматтық қоғамының едәуір үйлестірілген күш салуын талап етеді», - деп атап өтті Қ. Әбдірахманов.
Министрліктер үшін ерекше басымдық ретінде ҚР Президентінің осы күні жарияланған Қазақстан халқына Жолдауы тұрғысынан экономикалық дипломатияны күшейту бағыты атап өтілді.
«Біз экономиканың басым секторларына инвестициялар тарту, қазақстандық бизнестің мүдделерін және біздің тауарларымыздың сыртқы нарықтарға шығарылуын ілгерілету бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. «Қазақстан-2050» Стратегиясы, Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында терең саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістердің барабар сыртқы қабылдануын қалыптастыруға ықпал етеміз», - деп ақпараттандырды Қ. Әбдірахманов Қоғамдық кеңес мүшелерін.
Қоғамдық кеңес мүшелері Қазақстан азаматтары үшін Еуропалық одақпен визалық режимді оңайлатудағы жүйелі процеске қол жеткізудің маңыздылығын, сондай-ақ Қазақстан мен шет елдер арасындағы реадмиссия туралы келісімдер тізбесін кеңейту қажеттігін ерекше атап өтті.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі