- Басты
- Жаңалықтар
- Үкіметте Қазақстан экономикасының негізгі секторларын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды
Үкіметте Қазақстан экономикасының негізгі секторларын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды
Primeminister.kz хабарлағандай, Премьер-Министр тау-кен-металлургия және мұнайгаз кешенін одан әрі дамыту үшін отандық өнімді жеткізу географиясын кеңейтіп, геологиялық барлау жұмыстарын белсенді дамыту қажет екенін айтты. Осыған орай, Энергетика министрлігіне жыл соңына дейін Жер қойнауы туралы жаңа кодексті қабылдап, салық заңнамасына қажетті түзетулер енгізу тапсырылды.
Сонымен қатар, Б. Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, отандық ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының драйверіне айналуы тиіс екенін айтып өтті.
«Біз экологиялық таза азық-түлік шығару арқылы әлемдік азық-түлік нарықтарында өз орнымызды таба аламыз. «Made in Kazakhstan» брендінің өзі экологиялық таза өніммен байланыстырылуы керек. Бүгінде біз субсидияларды бөлу мен жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалана отырып кооператив құрудың, сонымен қатар, еңбек өнімділігін аттырудың жаңа қағидалары бойынша тәсілдерді әзірледік. Барлық міндеттер кешені АӨК дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуы тиіс», - деді Б. Сағынтаев.
Бұдан өзге, Премьер-Министр Мемлекет басшысының жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту туралы міндет қойғанын айтты.
«Бұл үшін біз жүк тасымалына еркіндік беріп, Азия мен Еуропа арасында трансконтиненттік құрлықтық хаб болуға мүмкіндік беретін, көлік дәліздерін құрып, оларды жаңғыртуымыз қажет. Нәтижесінде біз 2020 жылға қарай контейнерлік жүктер үшін транзиттік тасымал көлемінің көрсеткіштерін жеті есеге, жолаушылар тасымалының көлемін төрт есеге арттыруымыз керек», - деді Б. Сағынтаев.
Осы орайда, инвестициялар және даму, сыртқы істер, ұлттық экономика министрліктеріне алға қойылған міндеттердің шешімін табуға байланысты қажетті шараларды қабылдауға тапсырма берілді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері