- Басты
- Жаңалықтар
- Жаңа цифрлық технологияны енгізу халыққа қызмет көрсетуді жақсартады – Сәбильянов
Жаңа цифрлық технологияны енгізу халыққа қызмет көрсетуді жақсартады – Сәбильянов
«ҚР Президентінің Жолдауы - терең әрі салмақты ойластырылған жоспар және Қазақстанда алдыңғы кезеңде атқарылатын істердің маңызды басымдығы. Алдымен экономиканы технологиялық жаңғыртуын жеделдету. Біз жаңа цифрлық технологияларды енгізу арқылы кәсіпкерлікті дамытамыз, жаңа технология енгізу арқылы инфрақұрылымды дамытамыз», - деді Н.Сәбильянов.
Ол айтып өткендей, экспорттық әлеуетті дамыту үшін Жолдауда экспорттық саясат бойынша кеңес құру қарастырылған, олар экспорттаушыларға жағдай жасап, тауарлардың шетелге шығуына жағдай жасаулары керек.
«Бұл бірінші қадам. Бұл экспорттаушылар қызметінің ашықтығын байқатады. Бюджеттік қаржыны қолданудың тиімділігін қамтамасыз етеді, бюджетке кірісті арттырады. Қазіргі таңда елдегі экспортты ілгерілету мен инвестиция тарту жөніндегі жұмысқа бірқатар құрылым тартылған: елшіліктер жанындағы инвестициялық кеңесшілер, сауда өкілдіктері, шетелдегі ұлттық компаниялардың өкілдіктері, KAZNEX INVEST», - деді депутат.
Депутат агроөндірістік кешенді дамытудың міндеттерін атап өтті.
«Бұл өте маңызды сәт, бүгінде субсидияларды ірі ауыл шаруашылығы құрылымдары алып жатыр.Субсидиялар шалғай, шағын ауылдарға жетпейді. 15 жыл бойы бір кәсіпкерліктер субсидияға ие болып келді. Қазір субсидияны бөлудің жаңа тәртібін құру қажет. Ауылдардағы фермерлердің де субсидияға ие болуын қамтамасыз ету қажет. Біз міндеттерді қайта қарайтын болсақ, ауыл шаруашылығына серпін береді», - деді ол.
Кайрат Жандыбаев
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары