- Басты
- Жаңалықтар
- Макроэкономикалық тұрақтылықсыз басымдықтарды орындау мүмкін емес – Қарақұсова
Макроэкономикалық тұрақтылықсыз басымдықтарды орындау мүмкін емес – Қарақұсова
«Жолдауда Президент атаған басымдықтардың бірі – макроэкономикалық тұрақтылық. Бұл Жолдауда ақша-несие жүйесінің басты функцияларының бірі – ынталандыру қалыпқа келтіріледі. Ынталандырушы рөл, біріншіден, біздің экономикамызды дамыту үшін қажетті несиелер мен қаражаттың қолжетімді және қайтарымды болуы керектігінде. Осы жағдайларда банк жүйесі шын мәнінде экономиканың негізгі жүйесі болуы үшін бақылаушы және реттеуші орган ретінде Ұлттық банктің де рөлі өзгеруі қажет», - деді Г. Қарақұсова.
Бұдан бөлек, ол Ұлттық банк алдына инфляция дәлізін тарылту міндеті қойылғанын да атап өтті.
«Орта мерзім ішінде инфляция деңгейін кезең-кезеңмен 3-4%-ға дейін төмендетуге қол жеткізуіміз керек. Сонымен қатар, әлемде қандай да бір теріс әсерлерге жол бермеу үшін, банк жүйесі үшін алдын алу шараларын әзірлеуге баса назар аударатын реттеуші болу қажет», - деп атап өтті Г. Қарақұсова.
Төрайымның айтуы бойынша, банктер ашық әрі тиімді болуы үшін Жолдауда өз қорытындыларында бар теріс әсерлердің алғашқы белгілерін анықтауы тиіс аудиторлық компаниялардың жауапкершілігін арттыру міндеті қойылған.
«Аудиторлық компаниялар өздерінің аудиторлық қорытындылары үшін жауапты болумен қатар, осы аудиторлық қорытындыларында ашықтықты, соның ішінде акционерлердің қандай да бір компаниялардың дамуына үлесін қамтамасыз етуі де тиіс. Аудиторлық компаниялар мәнінің өсуі қор нарығының дамуын одан әрі қамтамасыз етуде», - деді Г. Қарақұсова.
Сондай-ақ, ол Президент қор нарығында квазимемлекеттік сектор компанияларының акцияларын орналастыруды тапсырғанын және жария етуден алынған қаражат экономикаға жұмыс істеуі керектігін де атап өтті.
«Макроэкономикалық тұрақтылық тиімді бюджеттік және салық саясатынсыз қамтамасыз етілуі мүмкін емес. Президент бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына үнемі көңіл бөледі. Және қазір де Елбасы олардың тиімді пайдаланылуын түбегейлі арттыру міндетін қойып отыр. Кез келген бюджет қаражатын пайдаланудың түпкі нәтижесі ел азаматтарының өмір сүруін жақсарту болмақ. Осыған орай, оларға бюджеттік рәсімдерді оңайлату, бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету міндеттері қойылған. Біз бөлінген қаражатты пайдаланудың түпкі нәтижесін көруіміз қажет», - деп қорытты Г. Қарақұсова.
Қайрат Жандыбаев
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы