• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сыбайлас жемқорлықпен күрестің нәтижесі бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты - Дұзақбаев

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің нәтижесі бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты - Дұзақбаев

31 Қаңтар, 2017 16:01
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің нәтижесі бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты, деді Астана қаласы ТЖ департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Барат Дұзақбаев Елбасының кезекті Жолдауына қатысты пікірінде.

“Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің халқын жыл сайынғы Жолдауымен таныстырды. Биылғы жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының үшінші жаңғыруының артықшылығын атап өтті.«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында Мемлекет Басшысы келесіні атап өтті: «Біз елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадық”, деп атап өтті”, - деді ол.

Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет.

Б.Дұзақбаевтың айтуынша,  өз Жолдауында Президент әр қазақстандықтың жемқорлықпен күресудегі маңызды рөлі жайында айтты.25 жылдық даму жолында біздің еліміз үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

“Мемлекет Басшысы алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп тұрғанын тілге тиек етті. Біздің ортақ міндетіміз - Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдыру”, - деді ол.

Барлық жаңалықтар