- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен ЕҚЫҰ белсенді ынтымақтастығының 25 жылдығын атап өтуде
Қазақстан мен ЕҚЫҰ белсенді ынтымақтастығының 25 жылдығын атап өтуде
Қазақстан 1992 жылғы 30 қаңтарда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің (1995 жылы ЕҚЫҰ-ға өзгертілді) толыққанды мүшесі болып, ширек ғасырдың ішінде Ұйымның дамуына зор үлесін қосып келді. Қазақстан 2010 жылы посткеңестік елдердің ішінен бірінші болып Ұйымды басқарды.
2010 жылдың желтоқсан айында Астана, 11 жылдан кейін, қазіргі және болашақ қауіпсіздіктің негізгі бағыттарын анықтау үшін мемлекет және үкімет басшыларының қатысуымен Ұйымның туы астында алғаш рет маңызды және соңғы ЕҚЫҰ Саммитін ұйымдастырды.
Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитінде қабылданған декларация Ұйымның алдында тұрған міндеттері мен сын-қатерлерін айқындайтын, кең ауқымды құжат болып табылады.Астана декларациясы қақтығыстардан және елдер арасындағы қарама-қайшылықтардан еркін, еуроатлантикалық және еуразиялық кеңістігінде Ұйымға барлық қатысушы мемлекеттерін біріктіруге, сондай-ақ жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұруға бағытталған қауіпсіздік қоғамдастығын құруды көздейді.
ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов 2017 жылы 30 қаңтарда Астанада депутаттық корпустың өкілдерінің, атқарушы билік органдарының, азаматтық қоғамның және халықаралық ұйымдардың қатысуымен өткен ҚР Сыртқы істер министрлігінің «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органның отырысында қатысушыларды ҚР-ЕҚЫҰ ынтымақтастығының 25 жылдығымен құттықтап, Қазақстанның Ұйымдағы мүшелігі кезеңіндегі жетістіктерін атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды