Бангкокта Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдау өтті

13 Желтоқсан, 2013 11:00
Тайланд астанасы Бангкокта Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 22 жылдығына орайластырылған салтанатты қабылдау өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Шараға Тайланд Корольдігі уақытша үкіметінің мүшелері, министрліктер мен ведомство өкілдері, парламент сенаторлары, Бангкокта тіркелген дипломаттар, алдыңғы қатарлы тайландтық ғылыми-зерттеу және білім беру орталықтарының өкілдері, жергілікті компания басшылары, танымал саясаткерлер мен оқымыстылар, қоғам және саяси қайраткерлер, журналистер қатысты», - делінген хабарламада.

Тайландтағы Қазақстан елшісі Марат Есенбаев 2015 жылғы Еуразиялық Экономикалық кеңес пен Оңтүстік шығыс Азия елдерінің Экономикалық қауымдастығын құруда жаңа бастамалар мен өзара тығыз қарым қатынас құруға мүдделі екенін айта келіп, қазақстандық-тайландтық екіжақты әріптестігінің даму қарқынына сенім бідірді.

Шараға қатысушылар Қазақстанның Орта Азияда экономикалық сала бойынша алға сүйреуші күш  екенін айтты. Сонымен қатар, мемлекеттегі қоғамдық қатынастардың да уақыт өткен сайын жетіліп келе жатқандары жайлы сөз қылды. Тай қоғамының мәліметінше, мұндай жетістікке жетудің бірден бір себебі көпұлтты Қазақстанның бірлігі мен Мемлекет басшысының көреген саясаты.

Барлық жаңалықтар