Астана тұрғындарының жайлылығы үшін 11 жоба әзірленуде - әкімдік

31 Қаңтар, 2017 09:02
Smart Astana Астананы трансформациялау тұжырымдамасы елорда тұрғындарының қамы үшін 11 жоба әзірлеуде. Бұл жөнінде Астана әкімдігінде өткен Smart Astana тұжырымдамасы шеңберінде бағдарламаларды іске асыру жөніндегі кеңес барысында белгілі болды.

Астана әкімдігінің ресми сайтында хабарланғандай, Smart Astana - елорданы «жаһандық ақылды қалаға» трансформациялауға бағытталған тұжырымдама, ол қала өмірінің барлық салаларын қамтиды.

Қазір маңызды бағыттар бойынша әкімдіктің салалық басқармаларымен бірлесе отырып Астана Innovations АҚ жұмыстар жүргізуде. 

Жобалардың барлығы қалалық қызметтер мен коммуналдық кәсіпорындардың қызмет көрсету деңгейін арттыруға, әкімдіктің ашықтығын, яғни, билік пен тұрғындар арасында ашық диалог құруға, елорда тұрғындары үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға, қаланың қауіпсіздігін күшейтуге бағдарланған. 

Жобаларды қаржыландыру мемлекеттік-жеке меншік әріптестік немесе жеке инвестициялар есебінен жүргізілмек. Олардың дені - отандық компаниялар. 

Барлық жаңалықтар