- Басты
- Жаңалықтар
- Бас прокуратурада президенттік резервінде тұрған қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру курстары басталды
Бас прокуратурада президенттік резервінде тұрған қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру курстары басталды
«Бұл курстарға тыңдаушылар ретінде прокуратура мен ішкі істер органдарының орталық аппараты мен облыстық бөлімшелерінде басшылық лауазымдағы қызметкерлері қатысады. Оқытудың негізгі мақстаты – тыңдаушылардың басшылық қызметке тағайындалуы үшін қажетті кәсіби дағдылары мен басқару құзыретін жетілдіру», - делінген хабарламада.
Академия ректоры Ұлан Байжанов іс-шараны аша отырып, резервистерді болашақта бұдан да жауапты басшылық қызметке даярлауда оқыту курстарының маңыздылығы мен практикалық пайдалылығын атап өтті.
Ұ.Байжанов айтып өткендей, Мемлекет басшысы қоғам талаптары мен жоғары халықаралық стандарттарға жауап беретін құқық қорғау жүйесін құру міндетін алға қойды. Бұл үшін елімізге жаңа формацияның басшылары, яғни, білімді, адамгершілік қасиеттері жоғары әрі адамдардың сенімінен шығатын басшылар қажет. Өз кезегінде Академия Президенттік резервте тұрған кадрларды арнайы даярлаудың жүйесін жүзеге асырып жатыр. Өткен жылы Президенттік резервті даярлау курстарынан покуратура, ішкі істер органдары, экономикалық тергеп-тексеру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметтерінің 45 қызметкері өтті, олардың 9-ы басшылық қызметке тағайындалды, - деп атап өтті ректор.
Оқытуды жоғарғы деңгейде өткізу үшін алдыңғы курстарды ұйымдастыру кезінде алынған тәжірибені ескере отырып, арнайы оқу бағдарламасы әзірленді. Алғаш рет оқу процесіне басшылық қызметтегі аналитикалық жұмыс негіздері бойынша жаңа модуль енгізілді. Ол қызмет бабындағы міндеттерді шешу кезінде аналитикалық қабілетті жетілдіруге бағытталған. Сондай-ақ Бас Прокуордың тапсырмасын орындау аясында басқарудың трансформациясы мәселелері бойынша тренингтер енгізілді (Change programme).
Жалпы алғанда оқыту процесі қалыпты және кризистік жағдайларда ұжымды тиімді басқарудың (HR-менеджмент) кәсіби дағдыларын дамытуға және жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар курс тақырыбы стратегиялық әрі мемлекетіміз үшін өзекті ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризм және экстремизмге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне арналған.
Жоспар бойынша курс ұзақтығы бір айға созылады және ол 145 академиялық сағатты құрайды. Олардың негізгі бөлігі кейстік тапсырмаларды шешуге және құқық қорғау қызметіне мейлінше жақындатылған жобаларды жасауға арналатын болады.
Жиналғандарды курс бағдарламасының ерекшеліктерімен таныстырып өтіп, Ұлан Байжанов барлық тыңдаушыларды нәтижелі жұмыс жасауға шақырды.
Оқыту курстарын ұйымдастыруға Еуропалық Одақтың "Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру" жобасының қатысушылары, мемлекеттік органдар мен еліміздің жетекші ғылыми-білім беруші мекемелері белсенді көмек көрсетуде.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді