• Басты
  • Ақтөбе облысының басшылығы 4 мүгедек жанға уақытша баспана бөлді
30 Қаңтар, 2017 16:52

Ақтөбе облысының басшылығы 4 мүгедек жанға уақытша баспана бөлді

Ақтөбе облысының басшылығы 4 мүгедек жанға уақытша баспана бөлді, облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе облысының басшылығы 4 мүгедек жанға уақытша баспана бөлді | Strategy2050.kz

«Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев тұрмыс жағдайының ауырлығына байланысты уақытша баспанаға ие болған І топтағы мүгедек жандар – Владимир Кулинский, Михаил Холостенко, Алтынбек Жаңбырбаев пен Жанар Есетованың отбасыларына барды.  Арнайы 2007 жылы Маресьев көшесінде салынған 4«З» үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерлер мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған. Олар бұл жерде мемлекеттік тұрғын үй қорынан арнайы бөлінетін пәтер кезегі келгенше тұра алады», - делінген хабарламада.

32 жастағы спортшы әрі екі баланың әкесі Михаил Холостенкоға екі бөлмелі пәтер берілді. Жас кәсіпкер Алтынбек Жаңбырбаев бір бөлмелі пәтерге ие болды. Ол 2016 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша 1,6 млн. көлемінде несие алып, такси қызметін ашқан болатын. Ата-анасы жоқ 23 жасар Жанар Есетоваға  Қ.Жұбановтар көшесінде орналасқан үйден уақытша  баспана  берілді. Қазіргі  таңда ол «Нұр Отан» партиясының бөлімшесінде тәжірибеден өтіп жатыр.

«Мемлекет  ерекше күтімді қажет ететін жандарға баса назар аударып, оларға жағдай жасайды. Сіздер белсенді өмір салтын жүргізулеріңіз керек. Жастардың мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетулері үшін еріктілер жұмысын дамытуымыз қажет»,-деді облыс әкімі пәтерге барған кезінде.

Облыс әкімі арбаға таңылған мүгедектер мен олардың отбасыларының ұсынылған уақтыша баспанадағы жағдайымен танысып, денсаулықтарын, оңалту бағдарламасының жүргізілуін, мүгедектердің қалалық нысандарға қол жеткізуі мен әлеуметтік қорғалуы бойынша іс-шаралардың орындалуын сұрады.

Пәтерлер орналасқан үйлерде сырғыма баспалдақтар, есіктерде кең ойықтар бар, жуыну бөлмелері мен дәретханалар арнайы тұтқалармен жабдықталған. Бірінші қабатта мүгедектер үшін жаттығу залы орналасқан.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды