Бішкекте ҚР Тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдау өтті

13 Желтоқсан, 2013 10:00
Қырғызстандағы Қазақстан Елшілігі ҚР Тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдау рәсімі өтті, деп СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Шараға Президент Аппаратының жетекшілері мен Қырғызстан Үкіметі, ҚР СІМ, Жогорку Кенеш депутаттары, дипломатиялық уәкілет басшылары мен халықаралық ұйым өкілдері қатысты», - делінген хабарламада.

Қырғыз елінің сыртқы саясат ведомствосының басшысы Эрлан Абдылдаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап. Елдің мемлекеттік құрылыстағы жетістіктері мен экономика саласындағы атқарылып жатқан ауқымды қызметтерінің қатарын тізіп, әлемдік және халықаралық ұйымдардың мойындағанын атап өтті.

Министр сондай-ақ, Қырғызстандағы Қазақстан Елшілігі екі жақты елдің дамуына үлкен үлес қосқандығын атап өтті. Қырғызстан екі жақты қарым-қатынастың дамуына септігін тигізіп,   дәстүрлі және халық арасындағы ынтымақтастық шиеленісіне белсенді үлес қосатындығын айтты.  

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар