- Басты
- Жаңалықтар
- «Теңізшевройл» ЖШС-ның болашақ кеңейту жобасы шеңберінде 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылады
«Теңізшевройл» ЖШС-ның болашақ кеңейту жобасы шеңберінде 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылады
Іс-шараға орталық және жергілікті атқарушы органдардың, «Теңізшевройл» ЖШС-ның қазақстандық және халықаралық мердігерлік ұйымдарының өкілдері қатысты.
Біржан Нұрымбетов өз сөзінде жоғарыда айтылған «Теңізшевройл» ЖШС жобасы мемлекеттегі өте сәтті ұзақмерзімді инвестициялық саясаттың көрінісі болып табылатынын атап өтті. Осы жобада шоғырланатын шетелдік инвестициялар мультипликативтік әсер беріп, бизнестің дамуына, сонымен қатар халықтың әлеуметтік жай-күйін жақсартуға ықпалын тигізеді.
«Бүгінде «Теңізшевройл» ЖШС-ның деректері бойынша Болашақ кеңейту-Сағалық қысымды басқару жобасына 10,5 мың адам жұмысқа орналастырылған, оның ішінде 9,4 мыңы жергілікті қызметкерлер, бұл Қазақстанда жұмыс істейтін жобадағы барлық персоналдың 90 %-ын құрайды. Үкімет Болашақ кеңейту-Сағалық қысымды басқару жобасы шеңберінде Қазақстан бойынша 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп күтуде, бұл ретте кадрларға деген жергілікті қамтылым шамамен 18 мың адамға жетуі мүмкін. Сондай-ақ «Теңізшевройл» ЖШС қазақстандық кадрларды оқыту және дайындау міндеттемесін өз мойнына алып отыр», - деді Біржан Нұрымбетов.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, болашақ кеңейту-Сағалық қысымды басқару жобасына Атырау мен Маңғыстау облыстарынан және жақын орналасқан өңірлерден (Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары) жұмыскерлер тарту жоспарланып отыр.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді