- Басты
- Жаңалықтар
- Әскери қызметшілердің балаларына арналған тегін спорттық секциялар ашылды (ФОТО)
Әскери қызметшілердің балаларына арналған тегін спорттық секциялар ашылды (ФОТО)
«Қорғаныс министрлігі басшылығының қолдауымен спорт комитеті аталған бағыт бойынша барлық гарнизондарда жоспарлы жұмыс жүргізуде. Еліміздің түкпір-түкпіріне Армия орталық спорт клубының танымал спортшыларының баруы жоспарлануда. Олар гарнизондарда балаларға арналған шебер-сыныптар өткізеді», - дейді Спорт комитеті – ҚР ҚМ АОСК-ның төрағасы подполковник Расул Мейірманов.
Бүгінгі таңда ақысыз спорттық секциялар Гвардейск, Приозерск және Сарыөзек әскери гарнизондарында, Астана, Өскемен, Ақтау, Аягөз, Үшарал қалаларында жұмыс жасап тұр.
Спорттың сегіз және бес түрі бойынша секцияларда әскери қызметшілердің балалары шұғылданады. Сабақтар кесте бойынша аптасына үш рет өткізіледі. Балаларды спорт шеберлері, республикалық және халықаралық додалардың чемпиондары мен жүлдегерлері болып табылатын Армия орталық спорт клубының нұсқаушылары жаттықтырады.
Мәселен, Ақтауда «Джит Кун До» шығыс жауынгерлік жекпе-жегі бойынша сабақты 6-шы данның қара белдік иегері, ҚР спорт шебері кіші сержант Қанат Жүсіпбеков өткізеді. Астанада қоян-қолтық ұрыс пен қазақша күресті меңгеруді Қазақстан чемпионаттарының, сондай-ақ, әртүрлі турнирлер мен біріншіліктердің чемпиондары және жүлдегерлері АОСК-ның капитандары Олжас Ақбаев пен Мұрат Бижанов оқытып-үйретеді. Қазақстан чемпионаттарының, Азия ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері және жеңімпазы Әлия Жанпейісова үстел теннисі бойынша бапкер болып табылады.
«Армия орталық спорт клубы балаларға арналған жаттықтыруларды ұйымдастырып жатқанын ести салысымен баламызды қазақша күрес бойынша секцияға жібереміз деп шештік. Ол кәсіпқой спортшылармен бірге сабақтарға қуана-қуана барып жүр», - дейді әскери қызметшілердің бірі – майор Азамат Айғожин.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі