• Басты
  • Қазақстанда халықаралық теңіз ұйымының міндетті аудиті өтіп жатыр
30 Қаңтар, 2017 11:21

Қазақстанда халықаралық теңіз ұйымының міндетті аудиті өтіп жатыр

Қазақстан Республикасында ағымдағы жылдың 23-30 қаңтары аралығында IMO міндетті аудиті өткізіп жатыр. Аудит шеңберінде IMO сарапшыларының теңіз әкімшілігі мен қоршаған ортаны қорғау бойынша және навигациялық гидрографиялық қамтамасыз етуге қатысты қызметтерді орындайтын мемлекеттік органдардың қызметін тексеру жоспарлануда.
Қазақстанда халықаралық теңіз ұйымының міндетті аудиті өтіп жатыр

Инвестициялар және даму министрлігі хабарлағандай,  IMO аудитінің порттық бақылаудың жүзеге асырылуын және іздестіру мен құтқару, теңіз ортасының ластануына жедел әрекет жасау мен кемелердің қауіпсіз бункерлігіне қатысты тексеру жүргізу үшін Ақтау қаласына баруы жоспарлануда.

 Аталмыш іс-шара Халықаралық теңіз ұйымының (IMO) талаптарына сәйкес, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап IMO мүшелігіне кіретін елдер міндетті аудиттен өтулері тиіс.

Қазақстан Республикасы 1994 жылдан бастап IMO мүшесі. IMO міндетті аудитін өтуге дайындық шеңберінде бұрын Инвестициялар және даму, Қорғаныс, Энергетика және Ішкі істер министрліктерімен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған болатын. Онда Каспий теңізінде кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кемелердің ластауына жол бермеу бойынша Стратегия бекітіліп, нормативтік-құқықтық базаға сай IMO теңіз әкімшілігінің міндетті есеп жүйесі жолға қойылды.

Міндетті аудиттен өту туралы есепті IMO аудиторлары биылғы жылдың 1 жарты жылдығы барысында ұсынады.

Аудитті өту халықаралық теңіз конвенцияларының талаптарына теңіз көлігі саласындағы мемлекеттік басқару жүйесінің сәйкестігін халықаралық мойындауын қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, бүгінгі күнде ҚР тізілімінде 326 теңіз кемесі тіркелген. 2016 жылы Ақтау халықаралық сауда порты арқылы шамамен 6 млн. тонна жүк ауыстырылып тиелді. Отандық теңіз көліктерімен (8 танкер және 3 құрғақ жүк) 3 млн. 082 мың тонна жүк тасмалданылды, бұл көрсеткіш 2015 жылғыдан 7%-ғы артық.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды