- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл Астанада балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 72 пайызды құрайды - әкімдік
Биыл Астанада балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 72 пайызды құрайды - әкімдік
«2017 жылы - 72%, 2018 жылы –72,1%, 2019 жылы – 97,7%, 2020 жылы - 100% көрсеткішке қол жеткізу жоспарланған.Орындардың жетіспеушілігі мәселесінің шешімін табу үшін осы үдеріске жеке секторды белсенді қатыстыруға шешім қабылданған. Қазіргі таңда жеке балабақшалар желісі 116 ұйымды құрайды. Оның ішінде 96 ұйымда мектепке дейінгі білім мен тәрбие беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған», - делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда 46 327 орындық мектепке дейінгі 167 мекеме ашу қажеттілігі анықталған. Осыған байланысты басқарма балабақша құрылысын салу бойынша жеке серіктестерді анықтау мақсатында байқау өткізген. 2016 жылы 20 желтоқсанда әлеуетті жеке серіктестер 1440 орындық балабақшалары бойынша 6 байқау өтінішін тапсырған.
Мектепке дейінгі мекемелердің жетіспеуі мәселесінің тиімді шешімі Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы балансындағы тұрғылықты емес ғимараттарды беру болып табылады. Мұндай шешім, өз кезегінде, жеке мектепке дейінгі мекемелер желісін арттыруға, мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыруға және орын жетіспеушілігін қысқартуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттің білім беру тапсырысы дотациясына келетін болсақ, 2016 жылы ол 15 900 теңгеден 20 800 теңгеге артқан.
Жыл сайын бала бақшадан орын алу үшін кезекке тіркелетін балалар саны 10 мыңға артады және бүгінгі таңда көрсеткіш 3-6 жас аралығындағы 33240 баланы құрайды. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 96 жеке меншік балабақшадағы балалар саны 8849 адамды құрайды.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері