- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкентте Мажар елінің өкілдігі ашылды
Шымкентте Мажар елінің өкілдігі ашылды
ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, басқосуда тараптар екіжақты өзара тиімді ынтымақтастық мақсатындағы бірлескен жобалардың жүзеге асу барысын талқылады.
«Тарихқа көз жүгіртсек, екі ұлтта кең далада тіршілік еткен. Сондықтан болар венгр тілінде түркі сөздері көп кездеседі. Осының өзі біздің халықтардың ежелден тату қарым-қатыныста болғандығын аңғартады. Сондықтан бұдан былай Отүстік Қазақстан облысы мен Мажар елінің арасында сауда экономикалық, мәдени, гуманитарлық байланыстар нығая түсетініне сенімдімін», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
Аграрлық салаға бейім Оңтүстік Қазақстан облысы – венгрлік инвесторлардың қызығушылығын тудырып отыр. Аймақ басшысы елшілік өкілдеріне осы артықшылықтар туралы жан-жақты баяндап берді. Кездесуде сөз алған Мажарстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Андраш Барани екі ел арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салада бірлескен жобалардың жүзеге асып жатқанын жеткізді.
«Бүгінде мажарлар Қазақстанға виза рәсімдемей-ақ келуіне мүмкіндік бар. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлік саласын дамытуға, іскерлік қарым-қатынасты нығайтуға зор мүмкіндік береді»,-деді елші.
Келелі кездесуден кейін екі тараптың қатысуымен Мажарстанның Шымкент қаласындағы консулдығының ашылу салтанаты өтті. Жаңадан ашылған өкілдік алдағы уақытта екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтып, тауар айналымы ұлғайғайып, инвестиция тартуға да септігін тигізбек.
Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Құрметті консулы болып «OTAU Group» компаниясының президенті, белгілі меценат Қайрат Молдасейітов тағайындалды.
Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Миклош Иштван мырза Қайрат Молдасейітовке Құрметті консул қызметін атқару патентін салтанатты түрде табыс етті. Сонымен қатар екі елдің өкілдері Құрметті консул декларациясына қол қойды.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Мажар елі Қазақстанның Шығыс Еуропадағы ең белсенді экономикалық әріптесі. Географиялық алшақтығына қарамастан, Қазақстан ТМД елдерінің арасында Ресей мен Украинадан кейін Мажарстан үшін 3-ші сауда серіктесі болып табылады. ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша Мажарстаннан Қазақстанға жалпы тікелей инвестициялардың ағымы 85,1 млн. АҚШ долларын құрайды. Ал, Қазақстанның инвестиция көлемі 8,7 млн доллар.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды -
Қазақстандағы экология зaңнaмaсы: жаңашылдық пен жауапкершілік жүгіндегі өзгерістер -
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды -
Елордада дзюдо орталығы ашылды -
Елордада «Туған өлкем» көрмесi ашылды -
Шымкентте «Сайлау-2021: Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстел өтті