- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында инвестиция көлемі 25,3 пайызға өсті
Қарағанды облысында инвестиция көлемі 25,3 пайызға өсті
Өткен жылы облыс экономикасында айтарлықтай өсу байқалды. Тауар өндіру көлемі 21,5%, қызмет – 7% өсті. Жалпы аймақтық өнім көлемі – 2,6 трлн. теңгеге жетті.
Өткен жылғы облыстық экономикалық өсімнің басты драйверін өндірістік, ауыл шаруашылығы, транспорт, қаржылық сектор құрады.
2015 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 4,9% өсті, бұл республика бойынша 2 орын. Саланың орташа айлық өсімі 4,3% құрады.Өндірістегі негізгі өсімнің көзі ретінде өндірістік және өңдеу саласының, сонымен қатар тау-кен өндірісінің өнімдері құрады. Аймақ басшысының айтуынша, 2016 жылдың 6 желтоқсанындағы Индустрализация картасы облыстағы өндіріс көлемінің артуына ықпал етті.
Өндірістік өнімдердің көлемі республика бойынша 10,2% құрады. Бұл Атырау облысынан кейінгі 2 орында тұр. Ал өңдеу саласы бойынша – 19,4%, бұл 1 орын. 2016 жылы еңбек өнімділігі 65 мың. долларды құрап, 1 орынды иеленді.
Ауыл шаруашылығы саласы да белсенді даму үстінде. Ауыл шаруашылығының ішкі өнім көлемі малшаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы есебінен8,6% өсті. Саланың өрістеуіне 2015 жылмен салыстырғанда 25,3% өскен инвестиция көлемі де айтарлықтай ықпал етті.
Экономикалық өсімді қалыптастыруға Бизнестік жол картасы аясында кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау айтарлықтай ықпал етуде.Құрылыс саласында 147,8 млрд.теңгенің жұмысы орндалған, физикалық көлемнің индексі 2015 жылға қарағанда 87,7% құрады. Аймақ бойынша 340,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Инфрақұрылымды дамыту мен экономиканы қолдаудың басты аспабы ретінде мемлекеттік бағдарламалар мен дағдарысқа қарсы жоспарларды айтуға болады. Экономика және қаржы басқармасының жетекшісі Ольга Чернявскаяның айтуынша, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаның аясында 2016 жылы 72,2 млрд. Теңге немесе 96,5 % игерілді.Сонымен бірге облыс экономикасын дамыту белсенді әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға жол ашты. 12 540жаңа жұмыс орны ашылды. Еңбек ақы 9,4% өсіп, 123,7 мың. Теңгені құрады.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Ә.Ерғалиев: Ел экономикасы 2,7%-ға өсті -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі