- Басты
- Жаңалықтар
- БҚО-да кәсіпкерлікті қолдауға 1,5 млрд теңге бөлінеді
БҚО-да кәсіпкерлікті қолдауға 1,5 млрд теңге бөлінеді
Биыл да шаруаға бейім азаматтар үшін үлкен мүмкіндіктер ашылмақ. Себебі осы жылы облыс әкімдігі мен «Даму» қоры 1,5 млрд. теңге қаржы бөліп, ол сома қала мен аудандарға 8,5 пайызбен несие ретінде беріледі.
Әр кәсіпорынның 50 млн. теңгеге дейін қаржы алуына мүмкіндігі бар. Ал облыс әкімдігі мен өңірлік кәсіпкерлік палатасы 600 млн. теңге бөліп, ауылдағы ағайын үшін 7 пайыз мөлшерлемеде несие беруді қарастырмақшы.
Аудандағы кәсіпорындарға 18 млн. теңгеге дейін қаржы беру жоспарлануда. Сондай-ақ биыл «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлікті қолдауға 1,6 млрд. теңге қаржы қарастырылған.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығына қолайлы өңір болғандықтан, биыл облыс бойынша 500 бордақылау алаңын салу жоспарлануда.
Осы жылы бөлінетін қаржы жеке кәсіпкерлер мен жаңа кәсіпті қолға алатын батысқазақстандықтар үшін үлкен қолдау болмақ. Бұл жобалар өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының ашылуына да жағдай туғызады.
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды