• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысындағы асыл металдар кенін байыту зауыты қарқынды дамуда – әкімдік

Ақмола облысындағы асыл металдар кенін байыту зауыты қарқынды дамуда – әкімдік

28 Қаңтар, 2017 12:03
Ақмола облысының Зеренді ауданында «Көкжиек» тауөнеркәсіптік компания қуаттлығын тәулігіне 430 тоннаға жеткізді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Көкжиек» ЖШС  асыл металдар кенін байыту зауыты  2016 жылдың  қарашасында іске қосылды.

Инвестицияның жалпы көлемі 1,8 млрд теңгені құрады. Зауыттағы алғашқы өнімді құйма ретінде алды. Өндірістік қысымы  жылына  150-200 мың тонна кенді құрайды.

Әкімдікте хабарлағандай, 2017 жылға 150-ден 200 келі алтын,3500 келі күміс алу көзделіп отыр.

Жұмыс кадр жақын аймақтардан тартылып жатыр.

Барлық жаңалықтар