- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық етті экспортқа шығару үшін стандарттарды сақтау керек - Трифонов (БЕЙНЕ)
Қазақстандық етті экспортқа шығару үшін стандарттарды сақтау керек - Трифонов (БЕЙНЕ)
«Қазақстанға тәжірибе алмасу мақсатында келдім, Қазақстандағы ет нарығының жағдайы мен Ресейдегі ет өнеркәсібінің дамуы туралы ақпарат алмасамын. Ет шикізатына қандай талап қойылатынын және Ресей аумағына ет тасымалдау үшін қандай талаптарды орындау керектігі жайында пікір алмасатын боламын», - деді ол.
Сарапшы айтып өткендей, қазір Қазақстанда ет өңдеу өнеркәсіптері бар, сондай-ақ, фермерлік шаруашылықтардың саны да жеткілікті.
«Ет шикізатын Ресей аумағына жеткізу үшін өнім ресейлік стандартқа, не болмаса мемлекетаралық стандартқай сай болуы керек. Қазіргі таңда Қазақстан мен РФ-да өнім нарығында тауарлардың айтарлықтай көп түрін кездестірдім. РФ-да шошқа еті мен шұжық етін өнідіретін шаруашылықтардың қатары жеткілікті. РФ-да бұл өнім түрі нарықтың 10 пайызын құрап отыр. Ресей нарығын айтатын болсақ, ет өнімін жеткізу, халал өнімін жеткізу, тауар қатарын өсіру үшін шұжық етін көбейтіп, шошқа етін өңдеуді арттыру қажет», - деді сарапшы.
Оның айтуынша, қазіргі таңда ұлттық стандартты мемлекетаралық стандартқа көшіру қарастырылған. Бұл стандарттар әрбір елде қарастырылады.
«Әрбір мемлекет бұл стандартқа қосылатын болса, барлық талапты орындайтын болады. Барлық ел бірыңғай стандарт бойынша жұмыс істейді», - деді ол.
Ресейде де отандық етті қолданады, қазір шикізатты Қытайға өткізу мүмкіндігі тұр.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» ұлт жоспары шеңберінде агроөнеркәсіп кешені ел экономикасының маңызды бөлігі болып табылатынын еске сала кетейік, ол ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және оны өңдеу және тұтынушыға жеткізу салаларын қамтиды, сондай-ақ ауыл шаруашылығын және өңдеу өнеркәсібін өндіріс құралдарымен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, АӨК халық шаруашылығының маңызды бөлігі болып табылады, бұл жөнінде Президентіміздің Жолдауында айтылған. Онда ауыл шаруашылығы АӨК басты бөлімі болып табылатын агроөнеркәсіп кешеніндегі өнімділікті кемінде екі есе арттыру қажет делінген. Ол оның негізгі өндірістік қорларының 70%-ға жуығына шоғырлана отырып, Қазақстан аумағындағы АӨК барлық өнімінің жартысынан астамын береді.
Қайрат Жандыбаев
Видео: Азамат Әлиев
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру