• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада республикалық меншіктегі нысандарды жекешелендіру мәселелері талқыланды

Астанада республикалық меншіктегі нысандарды жекешелендіру мәселелері талқыланды

27 Қаңтар, 2017 19:48
Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев республикалық меншіктегі ірі нысандарды жекешелендіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Primeminister.kz кеңес барысында республикалық меншіктегі он екі нысанды, сондай-ақ «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ үш ірі нысанын және «ҚазАгро» АҚ үш нысанын бәсекелі ортаға беру бойынша 2016-2020 жылдарға арналған жол карталарын іске асыру барысы талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр мемлекеттік органдарға және ұлттық басқарушы холдингтерге ТОП нысандар бойынша нақты тәсілдемелер әзірлеуді жеделдетуді тапсырды.

Анықтама: Еске салсақ, Жекешелендірудің 2014-2020 жылдарға арналған жоспарына сәйкес бәсекелі ортаға беруге жекешелендірудің екінші толқынының 1 040 нысаны ұсынылады, оның ішінде 2014-2017 жылдарға 718 нысан, олардың 400-і өткізілді.

 

Барлық жаңалықтар