- Басты
- Жаңалықтар
- Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын сақтауымыз қажет - И.Тасмағамбетов
Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын сақтауымыз қажет - И.Тасмағамбетов
Еліміздің саяси тәуелсіздігі жолында күресіп, рухани мәдениетіміздің көшбасшысы болған Ахмет Байтұрсынұлының есімі мен еңбектерін ұзақ уақыт бойы айтуға тыйым салып, «тұмшалап» келгенімен, айтулы тұлға еңбегі халқы үшін мәңгілік өшпейтіндігін мойындатты.
А. Байтұрсынұлы мұражай үйінің директоры Райхан Сахыбекқызы вице-премьер Иманғали Тасмағамбетовті мұражай жұмысымен және ақынның жәдігерлерімен таныстыра отырып, түйткілді мәселелердің бар екенін жеткізді.
Вице-премьер өз кезегінде алаш зиялыларының құнды мұраларын жинақтап, сақтауға келгенде аянбай еңбек ету қажет екенін айта отыра, осы дүниелердің құндылығына да ерекше тоқталды.
«1934-1937 жылдары ақын тұрған осынау киелі шаңырақ – тарих пен тағылымның ордасы. Бұл үйдің әрбір кірпіші мен бұрышы Ахаңның қиын да қасіретті тағдырынан сыр шертеді. Сондықтан, біз бұл тарихи ескерткішті сақтауға, оның білім мен ғылымның, тәлім мен тәрбиенің ордасы ретінде дамытуға тиіспіз», - деді Иманғали Тасмағамбетов.
Үкімет тарапынан қайраткердің ғылыми еңбектерін зерделеуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов мұражайға ұлттық мәртебесін беру, Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының 10 томдығын шығару және деректі фильм түсіру жқнінде тапсырма берді. Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін келесі аптада Астанада арнайы кеңес өткізілетіндігі айтылды.
Айта кетейік, 1934-1937 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсынов тұрған үй мұражай ретінде 1998 жылы ақынның 125 жылдық мерейтойы қарсаңында ресми түрде ашылған. Сондай-ақ, биыл Алаш қозғалысының құрылғанына 100 жыл толады.
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Білім беру гранттарын тағайындау: Қандай құжаттар қажет -
Н.Дементьева: Халықтың әлеуметтік жағдайы түзелмесе, басқа жетістікпен мақтанудың қажеті жоқ -
Шомылу маусымында нені ескеру қажет -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Тоқаев: Қоғамды жемқорлықпен күресуге кеңінен тарту қажет -
О.Бекбас: Тариф құнын өсіру - электр станцияларын апаттан құтқару үшін қажет