- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті нің реформалары биліктің тиімділігін арттырады – сарапшы
ҚР Президенті нің реформалары биліктің тиімділігін арттырады – сарапшы
Президент Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген бес институционалды реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы бағытында елімізде жан-жақты жұмыстар жүргізіліп келеді.
«Бұл қадамдар іс жүзінде жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап бере алатын, жаңа тарихи жағдайларда еліміздің дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі басты құжаты деп белгіледік. Президент Қазақстан -2050 стратегиялық бағдарламасында да еліміздің өркениет бағытын жан-жақты көрсеткен болатын», - деді ол.
Әлемдегі дамыған 30 елдің қатарынан көріну үшін алдымен еліміздің экномикасын көтеріп, әл ауқатын арттыру қажеттігін де талай айтқан..
«Бәрімізге белгілі, еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылуы, саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуы жолында жүргізілетін аса күрделі және сан-салалы жұмысты басқаратын елдің саяси билігі. Саяси билікте шешуші тұлға Президент болғандықтан осы күнге дейін бар салмақ, құзыреттілік Президент еншісінде болды. Қарапайым халық үшін Президент қызметінің тағдырлық маңызы күшті екені даусыз», - деді Қ.Баймырзаев.
Оның айтуынша, ұсынылып отырған шаралар демократиялық процестің ары қарай жалғасын табатындығын көрсетеді. Саяси биліктегі екі негізгі тармақтың, яғни, Үкімет пен Парламенттің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар екі тармақтың кәсібилігін арттырып, елдің саяси-экономикалық дамуындағы зор жауапкершілікті жүктейді. Бұл реформаның бәрі сайып келгенде, билік пен халықтың тұтастығын нығайтады. Билік пен халық жақын болса, мемлекет күшейеді.
«Ең бастысы, Президент ұсынған өзгерістер, яғни, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бір ай бойы бүкілхалықтық талқылауға түсіп, сараланбақ. «Келісіп пішкен тон келте болмайды»- дегендей ел болып пікір білдіріп, ұсыныс-тілек айтсақ, бұл реформа оңтайлы жүзеге асады деп ойлаймын. Елімізде жаңа мазмұндағы саяси жүйе қалыптасып, ол ел игілігі, мемлекет мүддесі үшін тиімді жұмыс атқарады деп сенемін. Отанымыздың орнықты дамуы мен алға жылжуына бағытталған бұл Үндеуді өз басым толық қолдаймын», - деді ол.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Діннің радикалдануы қоғамға төнген қатер