• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2015 жылға қарай Қызылорда облысындағы елді-мекендердің 70 пайызына газ тартылады

2015 жылға қарай Қызылорда облысындағы елді-мекендердің 70 пайызына газ тартылады

13 Желтоқсан, 2013 09:40
Қызылорда облысы Досан ауылында АГТС-2 автоматты газ тарату станциясының ашылуы өтті. Станция 2015 жылға қарай өңірдегі елді-мекендердің 70 пайызын газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директоры Қайрат Шәріпбаев қызылордалықтарды АГТС-ның ашылуымен құттықтады. Өңір басшысы «ҚазТрансГаз» АҚ-на АГТС-ның құрылысына 6 млрд теңге бөлгеніне алғыс білдірді. Кейін облыстың ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов көпшілікті құттықтап, облыс халқына игі тілек тіледі», - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар