- Басты
- Жаңалықтар
- Жұмыс берушілердің МӘМС-ке аударатын жарналарының көлемін едәуір төмендету қарастырылған (ФОТО)
Жұмыс берушілердің МӘМС-ке аударатын жарналарының көлемін едәуір төмендету қарастырылған (ФОТО)
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын ашық талқылау бойынша қоғамдық тыңдау өткізді.
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой аталған заң жобасы Қазақстан Республикасының 18 заңы мен 7 Кодексіне түзету енгізуді қарастыратынын атап айтты.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша заңға енгізілетін негізгі өзгерістер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының кірісін, МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша қор шығындарына байланысты мәселелерді, Қор жұмысын ұйымдастыру мен МӘМС жағдайындағы дәрілермен қамтамасыз ету шараларын қарастырады.
Алексей Цой Заң жобасында жұмыс берушілердің МӘМС-ке аударатын жарналарының көлемін едәуір төмендету қарастырылған: 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап мөлшерлеме 1 %-ды құрап, 2 есеге; 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мөлшерлеме 1,5 %-ды құрап, 2 есеге төмендетіледі; 2019 жылы – 1,5 %-ды құрап, 2,66 есеге; 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мөлшерлеме 2 %-ды құрап, 2,5 есеге; 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап мөлшерлеме 3 %-ды құрап, 1,66 есеге төмендетіледі. Ең жоғарғы жарна көрсеткіші 5%-дан 3%-ға азайды.

Халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобы үшін мемлекет төлейтін жарнаның мөлшерлемесі де төмендетілді. Ең жоғарғы жарна көрсеткіші 7%-дан 5%-ға азайды. Сондай-ақ, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мөлшерлеменің 3,75 % көлемінде; 2019 жылдың 1 қаңтарынан 4 %; 2022 жылдың қаңтарынан бастап мөлшерлеме 4 %-дан кем емес, 5%-дан артық емес болуы ұсынылды.
Өздігінен жұмыспен қамтылған азаматтардың жарнасы 2017 жылдың 1 шілдесінен басталып, тұрақты түрде 5%-ды құрайтын болады (бірінші жылы өсім 2,5 есе болады). Сонымен қатар, жарнаны төлеу нысаны қайта қаралды. Ол кем дегенде аталған қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген екі айлық жалақы көрсеткішін құрайтын болады.
Сурет: Бауыржан Жуасбаев
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде