- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы елдің саяси құрылымы тұрғысынан жаһандық мәселелерді шешуде – Сарыбаев
Мемлекет басшысы елдің саяси құрылымы тұрғысынан жаһандық мәселелерді шешуде – Сарыбаев
«Қазақстан ширек ғасырда бейбітшілік пен келісім салтанат құрған көпұлтты халықтың алтын бесігіне айналды. Соның арқасында еліміздің әлемдік аренадағы абырой-беделі артып, республикамызға миллиардтаған инвестициялар тартылуда», - деді ол.
Ол айтқандай, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуымыз бен Астананың EXPO-2017 көрмесін өткізу мәртебесін жеңіп алуы да соның айқын дәлелі.
«Елбасы еліміздегі елеулі мәселелерді шешумен қатар мемлекеттік басқарудың заманауи, тұрақты, ұтымды үлгісін қалыптастыруды да қарқынды жүргізуде. Бұл батыл қадам парламент пен үкіметтің өкілеттіліктерін арттырып қана қоймай, оларға қабылдаған шешімдеріне сәйкес жауапкершілік жүктейтінін де ескеру керек», - деді Ғ. Сарыбаев.
Елбасының 25 қаңтарда Қазақстан халқына жолдаған Үндеуінде бірнеше маңызды мәселелер қозғалды. Соның бірі - жаңа саяси реформа аясында Парламенттің рөлінің күшейтілуі. Парламент сайлауында жеңген партия Үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал етпек.
Бұл өз кезегінде министрліктердің жауапкершілігін арттыруға бірден-бір себеп. Осы орайда «Нұр Отан» партиясының бүгінгі қоғамдағы беделі мен халық сенімінен шығуы партияның белсенділігі мен абыройын анық көрсетеді. Елбасының сындарлы саясатын, жаңашыл бастамалары мен бүгінгі күн сұранысына сәйкес батыл қадамдарын нұротандықтар әрдайым қолдайды. Біздің абыройлы міндетіміз – ел тыныштығы мен саяси жүйенің қарапайым халыққа толыққанды қызмет етуі. Бұл салада атқарылып жатқан шаруалар аз емес.
«Бүгін біздің қатарымызда республика бойынша миллионнан астам нұротандықтар бар. Партия қатары білімді азаматтармен, жастармен күннен күнге толығуда. Алматы облысының 338 Бастауыш Партия ұйымдары Елбасының Үндеуі мен еліміздің Конституциясына енгізілетін өзгерістер жобасын қоғам арасында барынша кең насихатталуы мен қоғамдық талқылаулар арқылы бұл бастаманың негізгі бағыттарын айқындауды қолға алады», - деді ол.
Қашанда ұрпақ қамын ойлайтын Мемлекет басшысының Конституция кепілі ретінде қабылдаған жаңа тарихи шешімі қазақ қоғамындағы саяси тұрақтылық пен экономикалық қарқынды дамудың нақты дәлелі деп білемін.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты