• Басты
  • 2016 жылы 125 мыңнан астам азамат арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылды
27 Қаңтар, 2017 16:57

2016 жылы 125 мыңнан астам азамат арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылды

2016 жылы 125,6 мың адам арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды. Оның ішінде 119,3 мың азаматқа 717 мемлекеттік мекемелерде, 6,3 мың адамға үкіметтік емес ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

2016 жылы 125 мыңнан астам азамат арнаулы әлеуметтік қызметпен  қамтылды | Strategy2050.kz

Былтырғы жылы үкіметтік емес ұйым секторындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен 106 ҮЕҰ айналысты.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, арнаулы әлеуметтік қызметтер - өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарда пайда болған әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған, сонымен бірге, оларға өзге азаматтармен тең дәрежеде қоғамдық өмірге араласуға мүмкіндік беретін кешенді қызмет көрсету.

Бұл қызметтерді мемлекет кепілдендіреді. Сонымен қатар, аталған қызмет жетімдік, панасыздық, әумесерлік мінез-құлық, мүгедектік, жасы ұлғаюына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсете алмағанда, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққанда, үйсіздік, мерзімінен бұрын шартты босату, қатігез қарау жағдайында тегін көрсетіледі.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер оған мұқтаж адамның тіршілік әрекетіндегі 8 саласында: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық бағыттағы жеке ерекшеліктерін ескере отырып көрсетіледі.

Арнаулы әлеуметтік қызметтің бір түрі – мүгедектігі, психоневрологиялық аурулары бар адамдар, сонымен қатар, тірек-қимыл аппараттары бұзылған балалар және қарттарға арналған интернат-үйлердің балама түрін жасау болып табылады.

Қызмет көрсетудің мұндай түрі қазіргі таңда мүгедек балаларға арналған күндізгі бөлімдерді белсенді дамыту желісі болып табылады. Бұл 626 баланы өз отбасына қайтаруға, аталған ұйымдарға баратын балалардың 690-нан астам ата-анасын жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі биылғы жылы аталған қызметтерді ҮЕҰ немесе жеке құрылымдарға аутсорсинг түрінде беру арқылы дамыту бойынша жұмысты жалғастырады.

Сонымен бірге, стационарлық түрдегі медициналық-әлеуметтік ұйымдарды әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына айналдыру арқылы өзге санаттағы азаматтарға бюджеттен ғана емес, ақылы негізде аталған қызметтерді көрсету жоспарланып отыр.

Жалпы алғанда, арнаулы әлеуметтік қызмет жүйесін енгізгеннен бастап, қызметпен қамтамасыз етілген азаматтардың саны 2009 жылы 72,4 мың адамнан 2015 жылы 125,6 мың адамға (73,5 %-ға) ұлғайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылғы 20 ақпанда Мемлекет басшысы «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойды. ҚР Үкіметі 2012-2018 жылдарға арналған Мүгедектердің құқықтарын қорғау және өмір сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдап, кезең-кезеңмен іске асыруда. Аталған жоспардың негізгі бағыттарының бірі – арнаулы әлеуметтік және оңалту қызметтерінің тиімділігін арттыру болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстанда 652 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат бар.  

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды