- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да медициналық өнімдер шығаратын зауыт іске қосылды (ФОТО)
ОҚО-да медициналық өнімдер шығаратын зауыт іске қосылды (ФОТО)
«Marai E7 Group» жобасының ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, зауыттың жұмыс барысымен танысты.
«Аталған аймақтардың бірі - Тассай индустриалды аймағы. Жалпы аумағы 89 га құрайтын аймақта бүгінде 24 инвестициялық жоба іске асырылуда. Осы жобалардың бірі «Marai E7 Group» ЖШС-ның медициналық мақсаттағы ортопедиялық бұйымдар шығаратын зауыты. Жоба аясында облысқа 393 млн. теңге инвестиция тартылып, 50 адам жұмыспен қамтылатын болады»-деді Жансейіт Қансейітұлы.

Оңтүстік кореялық технологиямен жабдықталған кәсіпорында жылына 500 мың бинт пен 274 мың ортопедиялық бұйым әзірленетін болады. Зауыт өнімі түрлі сынық-жарақатта қолданылып, салмағының жеңілділігі, эластикалық иілгіштігі, рентген өткізгіштігімен және жылдам қатаюымен ерекшеленеді. ТМД елдері бойынша аналогы жоқ кәсіпорын Қазақстан нарығын толық қамтамасыз етуге қауқарлы.
Айта кетейік, «Marai E7 Group» зауытының дайын өніміне сұраныс өте жоғары. Қазіргі таңда өндіріс орны Түркия, Өзбекстан және Қызғызстан елдеріне өнімдерін экспорттау мақсатында жұмыс жасап жатыр.
Аталған кәсіпорын «СҚ-Фармация» ЖШС-мен 10 жылға ұзақ мерзімді келісімге қол қойып, бірлесе жұмыс істеуге уағдаласып отыр.
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі