- Басты
- Жаңалықтар
- Біз Президенттің жаңа бастамасы табысты жүзеге асатынына кәміл сенеміз - ҚХА (ФОТО)
Біз Президенттің жаңа бастамасы табысты жүзеге асатынына кәміл сенеміз - ҚХА (ФОТО)
«Біз Президенттің Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға және өркендеуі үшін жүзеге асырылатын жаңа бастамасының табысты жүзеге асатынына кәміл сенеміз», - делінген ҚХА-ның қазақстандықтарға үндеуінде.
Үндеуде айтылғандай, Үкіметтің және атқарушы биліктің Парламент пен жергілікті өкілдік органдар алдында есеп беруін күшейту – бұл Қазақстанның демократия жолындағы одан әрі орнықты да бұлжымас жаңа қадамы.

«Ұлт Көшбасшысының бастамасы Қазақстанның серпінді дамуының жаңа импульсі болатыны сөзсіз. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қабылдаған шешімі - аса пәрменді саяси жаңашылдық және қоғамдағы әлеуметтік үдерістердің күрделенуіне, әлемдік саяси процестің жаңа үрдістеріне жауап болып табылады. Өкілеттіктермен бөлісу Президенттің баршаға белгілі саяси қолтаңбасының, бүкіл әлем мойындаған «қазақстандық жолдың» жарқын көрінісі», - делінген үндеуде.
Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл тұрғыда, Ассамблеядан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарына, мәслихаттардағы ҚХА депутаттық топтарының мүшелеріне, қоғамдық келісім кеңестеріне, этномәдени бірлестіктер және ҚХА құрылымдарының барлық өкілдеріне зор жауапкершілік артады және саяси реформаларды әзірлеу мен іске асыру процестерін қолдау үшін жоғары азаматтық борышын өтеуге шақырады.

Осыған орай, Астанада ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚХА Кеңесінің отырысы өтті, оның барысында ҚР Президентінің өкілеттіктерді билік тармақтары арасында бөлу мәселелері бойынша үндеуі талқыланды, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделімен таныстыруға дайындық барысы, этномәдени бірлестіктердің ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы қаралды.
Сондай-ақ, Алматыдағы Достық үйінде өткен конституциялық реформаларды талқылау жөніндегі жиналыста спикерлер бүкіл әлем тәрізді Қазақстанның да бір орында тұрмағанын атап өтті.
«Қазақстанның бірегейлігі біз өз тәжірибемізді пайдалана отырып, үнемі өзіміздің даму жолымызбен жүруімізде. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы мысал болады, оның тәжірибесін әлемдік қоғам жоғары бағалады және ол ХХІ ғасырдағы ұлттық саясат эталоны болып табылады», - деп мәлімдеді спикерлер.
Жиынға қатысушылар алдағы конституциялық реформаларды өткізу бойынша толық қолдау көрсететінін білдіріп, барлық қазақстандықтарды белсенді азаматтық позиция ұстануға шақырды.
Еске сала кетейік, 2017 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктермен бөлісу мәселесі бойынша Қазақстан халқына үндеу жасаған болатын.
Қайрат Жандыбаев
Сурет Азамат Әлиев
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді