- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжілісте конституциялық заңдарға өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылады
Мәжілісте конституциялық заңдарға өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылады
27 Қаңтар, 2017 12:56
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжіліс.
Ол бойынша мәжіліс депутаттары Жоғары Сот Кеңесі туралы Заңға өзгерістер енгізуге қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қарайды деп күтілуде.
Сонымен бірге, еліміздің кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы заң жобасы да осы күні халық қалаулыларының талқысына ұсынылмақ.
Жалпы отырыста халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының жарғысын ратификациялау бойынша заң жобасы жұмысқа қабылданатын болады.
Бюро отырысында Оңтүстік Қазақстан облысында парламенттік тыңдауды дайындау жөніндегі арнаулы уақытша комиссияның көшпелі отырысын өткізу және депутаттардың сайлаушылармен кездесу үшін өңірлерге сапарға шығуы туралы қаулы қабылданды.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі