- Басты
- Жаңалықтар
- Қайрат Мәми ҚР Конституциясына өзгерістер енгізуге қатысты өз ұсыныстарын айтты
Қайрат Мәми ҚР Конституциясына өзгерістер енгізуге қатысты өз ұсыныстарын айтты
«Мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі Парламент пен Үкіметтің елдегі істердің ахуалы үшін жауапкершілігін күшейту туралы мәселені алға қояды. Биліктің сот тармағы да еліміздің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртуға едәуір үлесін қосады. Жоғарғы соттың алғашқы ұсыныстары сот құрылысы мен сот ісін жүргізу мәселелеріне, сот жүйесінің Үкіметпен, Парламентпен және басқа мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынастарына қатысты», - деді Қ. Мәми.
Ол алдағы реформалар аясында Жоғарғы сот ҚР Конституциясына өзгерістер енгізуге қатысты өз болжамын жасағанын хабарлады.
«Алдағы реформалар аясында Жоғарғы сот өз болжамын жасады, бұл ең алдымен сот құрылысы, сот ісін жүргізу, сот жүйесінің Үкіметпен, Парламентпен және басқа мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасы бағыттары бойынша болжамдар», - деп мәлімдеді Жоғарғы сот төрағасы.
Қ. Мәми атап өткендей, судья болуға үміткерлердің еңбек өтілі бойынша қойылатын талаптарға қатысты 79-бапты өзгерту ұсынылды.
«Өткен жылы біздің конституциялық заңымызға толықтырулар енгізілген болатын, оларға сәйкес судья лауазымына үміткерлердің еңбек өтілі мен жасы бойынша қойылатын талаптар іс жүзінде өзгертілді. Осы нормалардың келіспеушілігін жою үшін біз ҚР Конституциясының 79-бабына өзгерістер енгізуді ұсындық», - деді Қ. Мәми.
Сондай-ақ ол кассациялық инстанция функцияларын сотқа беруге, сот бақылауын күшейтуге және прокуратура функцияларын қысқартуға қатысты 81 және 84-баптарға өзгерістер енгізу ұсынылғанын атап өтті.
«Сіздердің әрқайсысыңыз тәжірибелі судья және заңгер ретінде Конституцияға өзгерістер енгізуді ұсына аласыздар», - деді Қ. Мәми.
Оның айтуы бойынша, ұсынылған түзетулер ел Президентіне баяндалды.
«24 қаңтарда жұмыс тобының отырысына Мемлекет басшысы қатысты. Оған осы мәселе бойынша алдын ала ұсыныстар баяндалды. Атап айтқанда, бұл ел конституциясының жекелеген нормаларын түзетуге қатысты», - деп қорытты Қ. Мәми.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы 2017 жылғы 25 қаңтарда өкілеттіктерді билік тармақтары арасында қайта бөлу мәселелері бойынша үндеу жасаған болатын. Оның негізгі мәні Президенттің өзінің бірқатар өкілеттіктерін Парламент пен Үкіметке беруінде.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы