- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылдың бірінші тоқсанында ИКАО-ның париждік бюросында ККМ-нің есеп беруі жоспарлануда
2014 жылдың бірінші тоқсанында ИКАО-ның париждік бюросында ККМ-нің есеп беруі жоспарлануда
Атап айтқанда министр азаматтық авиация саласында заңнаманы халықаралық стандарттарға келтіру туралы баяндады.
« Азаматтық авиация комитеті (ААК) мен ағымдағы жылдың қаңтар айынан бері Қазақстанда болып ААК-не кеңес көрсетіп жатқан ИКАО сарапшыларының бірлескен жұмысы нәтижесінде «Әуе кеңістігін пайдалану туралы» ҚР Заңына 80 өзгерту енгізілді, оның 69 ұшу қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды күшейту туралы», - делінген хабарламада.
Азаматтық авиация комитетінің құрылымы да ИКАО ұсыныстарына келтірілген. Комитет толығымен авиация саласында білімі бар және айтарлықтай тәжірибесі бар мамандармен толықтырылды. Әуе компаниялар, әуе кемелер, әуежайлар, навигация объектілері, оқу орталықтары мен экипаж мүшелерінің біліктілік сапасы және инженерлер тексерісімен енді 40 кәсіпқой инспектор айналысады.
Ағымдағы жылы ИКАО сарапшыларымен бірлесіп әуе компаниялар қайта сертификаттаудан өткізілді. Нәтижесінде 6 эксплуатанттың сертификаттары және авиация жұмыстарын орындауға құқық беретін 1 куәлік қайтарылып алынды (ДЕТА, МЕГА, Евро-Азия Интернейшенл, САМАЛ, Семейавиа, Азия Континетал Эйрлайнс).
Сонымен қатар батыс елдер өндірісінен шыққан әуе кемелерінің үлесі өсті, 2009 жылдағы 23-тен 2013 жылғы 76-ға дейін. Әуе компаниялардың тұрақты ішкі сауда әуе тасымалын орындауға рұқсат беру жаңа ережелері бекітілді, стандарттар қабылданды, авиация қауіпсіздігі жөніндегі ИКАО оқу орталығы ашылды.
Министр Көлік және коммуникация министрлігі өткізілген жұмыс нәтижелері туралы ақпаратты тұрақты негізде ұшу қауіпсіздігі бойынша Еуропа Комиссиясының Ұшу қауіпсіздігі комитетіне және ИКАОға жіберіп тұратыны туралы айтты. Сонымен бірге, оның айтуынша, 2014 жылдың бірінші тоқсанында ИКАОның париждік бюросында Қазақстанның есеп беруі жоспарланған. Оның нәтижесі бойынша ИКАО валидациондық өкілдік қызметін өткізу күні белгіленеді.
-
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес" -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды -
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас -
Көлік салығын есептеу мен төлеуде қандай өзгерістер бар -
Есеп комитеті: Бюджет қаржысын тиімсіз жоспарлау және жұмсау көбейді -
Облыс әкімдері Президентке есеп берді -
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін" -
Тоқаев жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды