- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жыл Қазақстан үшін сот жүйесін дамытудың жаңа кезеңі болды
2016 жыл Қазақстан үшін сот жүйесін дамытудың жаңа кезеңі болды
«2016 жыл Қазақстанның сот жүйесін дамытудың жаңа кезеңіне айналды. Кезең аясында құқықтық төрелік саласында институционалдық реформаны тәжірибелік түрде жүзеге асыру қамтамасыз етілді. Өткен жыл судьялардың VII-ші съезін өткізумен де есте қалды, шарада сот жүйесінің перспективасын дамытудың бағыттары анықталды», - деді Қ.Мәми.
Жоғарғы сот төрағасы Мемлекет басшысы 2017 жылдың 11 қаңтарында құрған мемлекеттік билік тармақтары арасында билікті қайта бөлу мәселесі жөніндегі жұмыс тобының қызметі туралы айтып өтті.
Сондай-ақ, төраға айтқандай, соттар жазаның баламалы түрін жиі қолданып жүр. Заң күшіне енген шешімдер бойынша 3,8 млрд теңге айыппұл салынды.
«Сот бақылауын кеңейту және жарыспалылық үрдісті нығайту шаралары оң нәтижеге ие болды. Өткен жылы 2,6 есеге тергеу судьялары қараған материалдардың саны артты», - деді Қ.Мәми.
Ол айтып өткендей, сот қысымын түсіру бойынша бірқатар шараларды әзірлеген жөн.Елбасы судьялардың VII съезінде берген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында сотқа дейінгі дауды шешу механизмін дамыту қажет.
«Электрондық әділеттілікті дамыту қажет. Біздің мақсатымыз сот жүйесін ақпараттандыру стратегиясын 5 жыл ішінде әзірлеу. Аталмыш құжат аясында сот органдарының ситуациялық орталығын іске қосу қарастырылған», - деді ол.
Төрағаның айтуынша, соттағы азаматтық істерді қарау екі есеге қысқарды, азаматтық істердің 82 пайызынан артығы алғашқы сот отырысында аяқталады.
«Бұйрықтық өнеркәсіптің саны 43 пайызға, 68 пайызға дауды баламалы әдіс арқылы шешу қысқарса, медиацияны қолдану арқылы шешім 3 есеге қысқарды», - деді ол.
Қайрат Жандыбаев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция