- Басты
- Жаңалықтар
- ЕЭК-те ЕАЭО елдерінің ортақ газ нарығын құру бағдарламасының жобасы әзірленді
ЕЭК-те ЕАЭО елдерінің ортақ газ нарығын құру бағдарламасының жобасы әзірленді
А.Жүнісов атап өткендей, бағдарлама жобасы сарапшылық дәрежеде талқыланып жатыр, ЕАЭО елдерінің басшылары жылдың соңына дейін өз ұсыныстары мен шешімдерін айтады. Ортақ газ нарығын құру жобасының негізінде газды биржалық саудалауды дамыту идеясы жатыр. Сондай-ақ, нарықтың барлық қатысушыларын саудаға тең араластыру қарастырылуда. Бұл қалыптасқалы жатқан нарықта бәсекелестікті туғызып, газдың бағасын қалыптастыруда ашықтықты сыйлайды.
«Одақтың ортақ газ нарығында ЕАЭО елдерінің көтерме нарық қатысушылары әрекет етеді, ал газды тасымалдау мен жеткізу келісім арқылы тікелей шешілетін болады», - деді Адамқұл Жүнісов.
Жобаны жүзеге асыру көліктік газ жүйелеріне бірыңғай қолжетімділікті сыйлайды. Аталмыш жүйелерді бөлудің ашық жүйесін қамтамасыз етіп, газдың өзара сауда тәртібін құруға мүмкіндік береді.
ЕЭК мәліметінше, Одақтың ортақ газ нарығын құруды үш кезең бойынша жүзеге асыру қарастырылып отыр. Бірінші кезең 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылады. Бұл уақытқа дейін ЕАЭО елдерінің заңнамалық үйлесімін қамтамасыз ету қажет. Газдың стандарты мен нормаларын унификациялауды жүзеге асырып, газ тасымалдау жүйелеріне қолжетімділіктің бірыңғай тәртібін жүзеге асыру қажет.
Екінші кезең 2020 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады деп жоспарлануда. Бірқатар тауарлық биржалардың жұмысын газды саудалауға бейімдеу қарастырылған.
Қорытынды кезеңде газды қажетті көлем мен орынға еркін жеткізуді қамтамасыз ету қажет. Үшінші кезең 2025 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады деп жоспарлануда.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі