- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-ның Ордабасы ауданын газбен қамтамасыз етуге 1,7 млрд теңге бөлінеді
ОҚО-ның Ордабасы ауданын газбен қамтамасыз етуге 1,7 млрд теңге бөлінеді

2016 жылы Ордабасы ауданында 50 млрд 999 млн теңгенің өнімі өндірілген. Аудан бюджеті 14 млрд 385 млн теңгеге жетсе, жергілікті кірістер 1 млрд 160 млн теңгені құрапты. Ауыл шаруашылық өнім көлемі 29 млрд 433 млн теңгеге артса, мал шаруашылығының өндірісі 15 млрд. 358 млн. 700 мың теңге, егін шаруашылығы бойынша түскен табыс 14 млрд. 075 млн. 100 мың теңгеге жеткен.
Аудан әкімі мен ауыл округі әкімінің жылдық есебін тыңдаған өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы Шұбар ауылдық округінде инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыстардың өз деңгейінде жүргізілмегенін жеткізді.
«Шұбар индустриалды аймағында бірде бір жоба жұмыс істеп тұрған жоқ. 93 гектар жер 3 жылдан бері бос тұр. Сондай-ақ аталған окрукте «Индустрияландыру картасы» мен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламалары бойынша ешқандай жоба іске асырылмаған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін бірде бір шағын цехтар ашылмапты. Аул округі аймағында ішкі жолдардың 66 пайызы қанағаттанарлықсыз жағдайда»,- деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.
Ордабасы ауданының дотациялы өңір екеніне тоқталған облыс әкімі аудан бюджетінің 9 пайызы ғана яғни 1,3 млрд теңгесі өзіндік кірістер, қалған 13 млрд. теңгесі 91 пайызы трансферттер мен субенциялар құрайтынын жеткізді. 2017 жылы ауданға әлеуметтік экономикалық жағдайын арттыру мақсатында республика, облыс бюджетінен 16 млрд. теңге бағатталып отыр.
Аудандағы ең басты мәселе – газдандыру. Осы мақсатта биыл 1,7 млрд теңге бөлініп, тұрғындар көгілдір отынған қол жеткізеді. Сондай-ақ өңірдегі 5 жаңа мектептің құрылысына 2,3 млрд теңге бағытталып отыр.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі
-
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді
-
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген
-
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді
-
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді
-
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі
-
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары
-
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері
-
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді

