- Басты
- Ақтөбе облысының ТКШ-ны жаңғырту жұмысын ЖЖМ және шетелдік инвесторлардың көмегімен жүзеге асыру жоспарлануда (ФОТО)
Ақтөбе облысының ТКШ-ны жаңғырту жұмысын ЖЖМ және шетелдік инвесторлардың көмегімен жүзеге асыру жоспарлануда (ФОТО)

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірісдік филиалына барды. Өңір басшысы кәсіпорын жұмысымен, жұмысшылардың жағдайымен танысты. Олардың білімін жетілдіру, оқыту жайын біліп, бірнеше бөлімнің жұмысын қарап шықты.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кейін облыс басшысының төрағалығымен көшпелі отырыс өтті. Жиында облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы дамыту жолындағы маңызды сұрақтар қаралды.
Ірі коммуналық кәсіпорын басшылары, сонымен қатар энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы 2016 жылды қорытындылап, 2017 жыл жоспарын, тапсырмалардың орындалуын баяндады.
Жиын кезінде өңір басшысы коммуналдық кәсіпорындардың алдында тұрған негізгі міндет халыққа үздіксіз әрі сапалы коммуналдық қызмет көрсету екенін баса айтты. Облыс басшысы апатты жағдайды болдырмау үшін алдын алу шарасына баса назар аударуды талап етті.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы басты сұрақ – қолда бар коммуналдық жүйенің жағдайы. Біздің міндетіміз тозығы жеткен, ескірген коммуналдық желілерді жаңарту, жаңасын салу, сонымен қатар, тұрғындарды коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету ауқымын кеңейту. Бізде барлық мүмкіндік бар, бастысы – мемлекеттік қолдау жан-жақты көрсетіледі. Мәселен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын дамыту, жаңғырту үшін «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы арқылы қолдау көрсетіледі, қаржы бөлінеді»,- деді Бердібек Сапарбаев.
Қазіргі уақытта облыстағы жылу мен су желісінің үштен бір бөлігінің тозығы жетіп, жаңартуды қажет етіп тұр. 2017 жылы «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамытудың 2020» бағдарламалары арқылы тозығы жеткен су және кәріз желісін жаңарту мақсатында 30 жоба іске асырылады. Жобаның жалпы құны – 5,7 миллиард теңге.
Өз кезегінде 2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жылу нысандарын жаңғырту бағытында ауқымды жұмыс істелді. Атап айтар болсақ, Ақтөбе қаласындағы жылу қазандығы мен желісін жаңарту жолында 12 жоба іске асырылды. Сонымен қатар, Қарғалы ауданындағы Бадамша ауылында бір жоба қолға алынып, жұмыс биыл аяқталады.
Жиын кезінде энергия тиімділігі мен жылу үнемдеу сұрақтары қаралды. Көпқабатты тұрғын үйлерге жылу есептеу құрылғысын қондыру, бюджеттік мекемелерді қамтамасыз етуде шығындарға анализ жасап, бақылауды күшейту, су, жылу мен жарыққа бережағы бар тұтынушылардың мәселесін шешу туралы айтылды.
«Тұтыну және жылу үнемдеу мәдениетін қалыптастырып, халыққа энергия ресурстарын тиімді пайдалану, үнемдеу жолдарының маңыздылығын түсіндіру қажет»,- деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.
Облыс әкімінің тапсырмасымен жыл басында қазандықтар мен автономды жылыту қазандығы бар көпқабатты тұрғын үйлерді тексеруге арналған жұмыс тобы құрылды. Басты назарда – тозығы жеткен, апатты жағдайдағы тұрғын үйлер. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Жанат Жұбанышевтің айтуынша, өңірде жертөлесіне жылу қазандығын орнатқан тұрғын үй жоқ.
«Халықтың қауіпсіздігі – басты тапсырма. Тоғызы жеткен желілерді жаңарту сапалы жүргізілуі қажет. Түгендеуден соң жұмыс тобы нақты жағдайды көрсететін қорытынды дайындауы тиіс. Ескірген, тозығы жеткен көпқабатты үйлер үнемі бақылауда болуы қажет»,- деді Бердібек Сапарбаев.
Өңір басшысы электр желілері нысандарын, соның ішінде қосалқы станцияларды тексеруді тапсырды. Айта кетейік, бұған дейін иесіз электр желілерін түгендеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта иесіз қалған желілерді коммуналдық меншекке беру жұмыстары жүріп жатыр.
Облыс әкімі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылы саласын дамыту аясында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік тетігін енгізуді, жүзеге асыруды, сонымен қатар, инвестиция тартып, тиімді пайдалану, әсіресе халықаралық қаржы ұйымдарымен арадағы байланысты дамыту арқылы шетел инвесторларын тарту тапсырылды.
-
Зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін өтініш қалай және қайда жіберіледі
-
МӘМС: Кімдер тіркелді, халыққа қандай көмек көрсетілді және қордың пандемия кезіндегі жұмысы
-
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы
-
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
-
Әлеуметтiк-экономикалық даму-2020: Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі, сауда айналымы және инвестиция
-
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»
-
Елімізде Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау басталды
-
Қызылорда облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 2020 жылғы жұмысын қорытындылады
-
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2020 жылғы қорытындылары
-
Зейнеткер және қандас куәліктері енді eGovMobile қосымшасында қолжетімді
-
Балаларға арналған демалыс және бейімдеу орталықтарын ұйымдастыру бойынша жобалар акселерациядан өтті
-
Қазақстан және Канада: келешегі мол ынтымақтастық
-
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс басымдықтары: техникалық жабдықтау және жаңарту
-
«Ел үміті» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асып жатқан жобалар
-
ҚР экономикасы: Экспорт, импорт, инвестиция және экономиканы қолдау шаралары

