• Басты
  • «Байқоңыр» кешенін дамыту бойынша Қазақстан мен Ресей ынтымақтастықтың басым бағыттарын жүзеге асыруда - А.Мамин
26 Қаңтар, 2017 11:57

«Байқоңыр» кешенін дамыту бойынша Қазақстан мен Ресей ынтымақтастықтың басым бағыттарын жүзеге асыруда - А.Мамин

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды, деп хабарлады primeminister.kz.
«Байқоңыр» кешенін дамыту бойынша Қазақстан мен Ресей ынтымақтастықтың  басым бағыттарын жүзеге асыруда -  А.Мамин

А. Мамин «Бәйтерек» қазақстандық-ресейлік жобасын іске асыру барысы туралы есепті тыңдады, оның аясында Байқоңыр ғарыш айлағындағы жердегі ғарыш инфрақұрылымын жаңғырту жоспарланған. Атап айтқанда, «Зенит» ғарыш зымыран кешенін. Сондай-ақ, «Байқоңыр» кешені нысандарын пайдалануға қатысты жұмыстарды атқару жайы баяндалды.

2016 жылғы желтоқсанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейге жұмыс сапары барысында келесі құжаттарға қол қойылған болатын: «Байқоңыр» кешеніндегі алдағы ынтымақтастық тұжырымдамасы және «1995 жылғы 23 желтоқсандағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы мемлекетаралық Келісімге ҚР мемлекеттік органдарының тізімі бөлігіне өзгерістер енгізу туралы» Хаттама.

«Тұжырымдаманы орындау «Байқоңыр» кешенін дамыту бойынша Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының басымдықты бағыттарын екі мемлекеттің мүдделеріне сай жүзеге асыруға мүмкіндік береді, кешеннің одан әрі дамуын перспективалы жоспарлауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ жаңа ортақ ғарыштық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді», – деп баса айтты А. Мамин.

Қызылордаға жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары «Нұр орда» жаңа шағын ауданында болып қайтты. Мұнда өңірдегі тұрғын үй құрылысының барысы туралы есеп берілді. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы бойынша аталған шағын ауданда 20 көпқабатты үй тұрғызылған.

А. Мамин өңірдің басты жылумен қамту нысаны – Қызылорда ЖЭО-ның жұмысымен танысып, аталған нысанды жаңғыртуға байланысты баяндаманы тыңдады.

Сондай-ақ, Қазақстандағы алғашқы табақ шыны өндіретін зауыттың құрылыс алаңына барды. Кәсіпорын биылғы жылдың екінші тоқсанында пайдалануға берілетін болады. Мұнда жылына 200 мың тонна табақ шыны, энергия үнемдеуші, күннен қорғайтын және көпфункциялы шыны шығару жоспарда бар. 

Сондай-ақ, А. Мамин Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа көпірді қарап шығып, сол жақ жағалау аймағының құрылыс жобасымен танысты.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Қызылорда облысын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңес барысында өңір әкімі Қ. Көшербаев баяндама жасады. Ол 2016 жылдағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2017 жылы облысты дамыту перспективалары туралы есеп берді.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды