- Басты
- Жаңалықтар
- Балалардың қауіпсіздігі, денсаулығы мен әл-ауқатына қатысты стандарттар мен ережелер 2017 жылы қайта қаралады
Балалардың қауіпсіздігі, денсаулығы мен әл-ауқатына қатысты стандарттар мен ережелер 2017 жылы қайта қаралады
Кездесу барысында әлеуметтік салаға қатысты маңызды сұрақтар талқыланды. Вице-премьер И. Тасмағамбетов атап өткендей, өткен жылы Парламентке білім, денсаулық және мәдениет мәселелері бойынша 7 қорытынды жолданды.
Балаларды балабақшаға кезекке қоюды және жолдама беруді автоматтандыру, мектепке дейінгі білім беру нысандарының желісін ұлғайту сияқты мектепке дейінгі білім және тәрбие беру мәселелері қаралды, оның ішінде ағымдағы жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 41,9 мың жаңа орындар құру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, орта білім беруге қатысты апатты және үш ауысымдағы мектептердің орнына 56 нысан құрылысын салу, 2, 5, 7-сыныптарда жаңартылған бағдарламамен бес күндік оқу аптасына көшу, бітіру және оқуға түсу емтихандарын бөлу арқылы жаңа форматта ҰБТ өткізу сұрақтары қаралды.
Айта кетейік, ағымдағы жылы мектептегі тамақтану, құрал-жабдық, киім үлгісі, спорт және басқа да балалардың қауіпсіздігі, денсаулығы мен әл-ауқатына қатысты стандарттар мен ережелер қайта қаралады.
Кәсіптік-техникалық білім саласында «жалпыға бірдей тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасын жүзеге асыру қарастырылуда. Алдын-ала мәлімет бойынша ол 47,3 мың адамды қамтиды, 65 жұмысшы мамандығы бойынша жаңа модульдік бағдарлама әзірленіп, жаңа бағдарламаны жүзеге асыру үшін 5 200 оқытушы мен өндірістік оқыту шеберлері оқытылды.
Жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім саласында корпоративті басқару қағидасы енгізіліп, ішкі аудит қызметі құрылады. ЖОО-ның ұйымдастыру-құқықтық формасы өзгеріп, коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға өтеді. ЖОО-на мемлекеттік аттестация халықаралық аттестациямен ауыстырылады.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және оның филиалдарын құру мәселесі көтерілді. Осы жылы медициналық оқу орындарында педиатрия факультеті ашылады және педиатрия учаскелері қалпына келтіріліп, өңірлердегі барлық емханаларда электронды кезек енгізіледі. Халықаралық стандарттарға сәйкес кезең-кезеңімен онкологиялық диспансерлер базасында орталықтандырылған химиялық препараттарды құру кабинеттері ашылады. Сондай-ақ, дәрі-дәрмек бағасына регрессивті өлшем енгізу мәселесі қаралды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді