Қытайда ҚР Тәуелсіздік күніне арналған қабылдау өтті

13 Желтоқсан, 2013 09:06
Қытайдағы Қазақстан елшілігі ҚР Тәуелсіздігінің 22 жылдығына орай салтанатты қабылдау ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Шараға Қытайдың мемлекеттік органдарының басшылары, сыртқы дипломатиялық миссиялар мен Бейжіңдегі халықаралық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ қоғам қайраткерлері, ҚХР-дағы қазақ диаспорасы мен іскерлік, ғылыми орталардың өкілдері қатысты», - делінген хабарламада. 

Қабылдау кезінде Қытайдағы Қазақстан елшісі Нұрлан Ермекбаев пен ҚХР сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопин сөз сөйледі.

ҚХР сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопин соңғы 2 жылда екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. 

Ұлттық әндер айтып, би билеген қазақстандық шығармашылық топтар шараның көркін қыздырды. 

Салтанатты қабылдау қатысушыларына Қазақстан мен екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы бейнефильмдер көрсетіліп, фотокөрме таныстырылды. 

 

 

Барлық жаңалықтар