• Басты
  • Қазақстан Әскери-әуе күштерінің әуеайлағына жаңа соққы беретін Ми-35М тікұшағы әкелінді (ФОТО)
26 Қаңтар, 2017 13:47

Қазақстан Әскери-әуе күштерінің әуеайлағына жаңа соққы беретін Ми-35М тікұшағы әкелінді (ФОТО)

Төрт көп мақсатты соққу беруші Ми-35М тікұшағы алғаш рет Қазақстан Әскери-әуе күштерінің қару-жарақ қатарына қосылып, еліміздің оңтүстігіндегі тұрақты мекеніне жеткізілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Әскери-әуе күштерінің әуеайлағына жаңа соққы беретін Ми-35М тікұшағы әкелінді (ФОТО)

Әкелінген тікұшақтар легін пайдалану еліміздегі Әскери-әуе күштерінің ұрыс қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Ұшқыштар құрамы қайта оқудан өтіп, авиацияға әкелінген жаңа техниканы ұшуда сынап көруге дайын.

Аталған Ми-35М тікұшағының биік ұшу-техникалық сипаттамасы бар, ол жоғары температура жағдайларында мен биік таулардан ұшудан қолдануда жақсы нәтиже береді. Бұл тікұшақ жай және қолайсыз ауа-райында басқарылатын және басқарылмайтын қару-жарақты ұрыста тәулік бойы қолдануды қамтамасыз етеді, сондай-ақ көздеген мақсатына күндіз 10-25 метр биіктікте ұшуды, ал түнде кемінде 50 метр биіктікте ұшуды орындай алады. Ми-35М тікұшағының навигациясы мен электронды индикациясының заманауи кешенмен жабдықталуы осындай тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.

Бұдан өзге, ұрыс машинасының шабуылдан қорғану кешені мен қосымша опциялары бар. Ми-35М тағы да бір артықшылығы оның құрылысының жетіктігінде, яғни тікұшақ акустикалық белгілерін төмендетіп, ұрысқа шыдамдылығын арттырады, сондай-ақ техникалық қызмет көрсетудегі қиындықтарды төмендете алады. Негізгі соққы беретін қызметтерінен өзге, Ми-35М тікұшағы жеке құрам мен жүктерді тасымалдау, медициналық қызметкерлермен қоса сырқаттар мен жаралыларды алып жүру үшін пайдаланылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігі мен Рособоронэкспорт кәсіпорнының арасындағы шарт аясында тікұшақтарды жеткізу жүзеге асырылғанын айта кеткен жөн.


 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды