- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 300 маман баспанамен қамтылады
ОҚО-да «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 300 маман баспанамен қамтылады
Облыс әкімдігі хабарлағандай, биылғы жылыда осы бағдарлама шеңберінде 1,1 млрд. теңге бөлініп, нәтижесінде 300 жас маман тұрғын үй алмақ.
Жұмыссыз жүрген мамандарды елді мекендерге жұмысқа орналастырып, ауылдың жағдайын көтеру және ондағы кадр тапшылығын шешу мақсатында жасалған «Дипломмен ауылға» жобасы аясында өткен 2016 жылы 14 аудан, қала бойынша 773 маманға 114,766 млн. теңге көлемінде біржолғы көтерме жәрдемақы ұсынылды. Оның ішінде 496 – білім беру, 218 – денсаулық сақтау, 43 – агроөнеркәсіптік кешен, 9 – спорт, 5 – мәдениет, 2 – әлеуметтік қамсыздандыру саласының мамандары.
Сондай-ақ, «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында 5 135 жас жұмыспен қамтылса, оның 1 982-сі ауыл жастары. Ал, осы бағдарламамен жұмыс істеген азаматтардың 3 890-ы тұрақты жұмысқа орналасқан.
Жалпы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2015 жылмен салыстырғанда 2 пайызға азайып отыр. Сонымен қоса, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 2016 жылғы жұмыс маусымында 1350 жас абаттандыру және көгаландыру бойынша жұмыстармен қамтамасыз етілген.
Ал, студенттердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Студенттік құрылыс жасақтарына» құрылыс мамандығында білім алатын 500 студент қамтылып, 12 мердігер компанияларда жұмыстар атқарды.
Айта кетйік, жалпы облыста 762 124 жас болса, оның ішінде 116 220-сы студент жастар.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты