- Басты
- Жаңалықтар
- Реформалардың халықтық талқыға салынуы биліктің ашықтығын көрсетеді – сарапшы
Реформалардың халықтық талқыға салынуы биліктің ашықтығын көрсетеді – сарапшы
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде ҚР Конституциясы мен кейбір заңдарына өзгерістер енгізетіндігін атап өтті. Алдағы уақытта еліміз Президенттік басқару жүйесінен парламенттік басқару жүйесіне өтуді жоспарлап отыр. Президенттің үндеуіне қатысты бірқатар отандық саясаттанушылар мен қоғамдық қызметкерлер өз пікірлерін білдірді.
«Президенттің мәлімдемесінде айқындалған өзгерістер – жай ғана өзгерістер емес. Жаңа жаңаруда емес, бұл – конституциялық жолмен еліміздің саяси жүйесіне өзгерістер енгізу. Бұл негізінен еліміздің дамуындағы саяси маңызды парасатты қадам», - деді сарапшы Алуа Жолдыбалина.
Сонымен қатар, Алуа Жолдыбалина Мемлекет басшысы қолға алып отырған өзгерістер қалай жүзеге асатындығына тоқталды.
«Біріншдіен, бұл еліміздегі демократиялық процестің ары қарай жалғасын тапқандығын көрсетеді. Екіншіден, бұл саяси биліктегі екі негізгі тармақтың Үкіметтің және Парламенттің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Ал үшіншіден, бұл үкіметтің де жұмысының, парламенттің де жұмысының кәсібилігін олардың жауапкершілігін, елдің саяси экономикалық дамуындағы жауапкершілігін арттыруға, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді», - деді ол.
Саясаттанушы бұл өзгерістерді іске асыруда халықтың пікірін білу де маңызды екендігін атап өтті.
«Бұл реформалардың халықтық талқыға салынуы негізінен биліктің ашықтық принципін, әрбір бастаманы халықпен бірлесіп талқылауға дайындығын көрсетеді. Сонымен қатар бұл талқылау азаматтық қоғамның қатысуын да қажет етеді. Яғни, әрбір топ бұл талқылауға белсенді қатысып, өзінің пікірін білдірсе, бұл қоғамдағы азаматтық сезімнің артқандығын көрсетеді», - деді ол.
Сондай-ақ, аталмыш үндеуге қатысты заңгер Болат Байқадамов та өз пікірін білдірді.
«Президент бүгінгі өзінің үндеуінде қоғамды мазалап жүрген көптеген сұрақтарға жауап берді. Енді мемлекеттік басқару жүйесі өзгереді. Үкімет пен Парламенттің халықтың алдындағы жауапкершілігі арта түседі», – дейді заңгер Болат Байқадамов.
Сонымен қатар, «Парасат» институтының директоры Нұрсұлтан Ахмедия бүгінгі Елбасының үндеуі ел үшін маңызды екенін айтады.
«Бүгінгі Елбасының үндеуі атап өтерлік жайт. Жүзеге асырылғалы отырған Конституциялық реформа біздің мемлекет пен қоғам үшін өте маңызды. Жаңа өзгерістер мемлекеттің дамуын жаңа кезеңге шығарады», - деді ол.
Айта кетейік, Елбасы өзінің үндеуінде Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беретінін айтты. Мемлекет басшысы бұл салаға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады деп отыр. Өкілеттіктерді беру тиісті Заңдарды өзгерту арқылы іске асады. Мемлекет басшысы билік тармақтарын үлестіру барысында 40-қа тарта президенттік құзыреттің Парламентке және Үкіметке берілетінін мәлімдеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес"