- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанды нақты саяси реформалар күтіп тұр - саясаттанушы
Қазақстанды нақты саяси реформалар күтіп тұр - саясаттанушы
«Әлем өзгеріс үстінде. Қазақстан да өзгеріп жатыр. Елімізге тиімді мемлекеттік басқару жүйесін енгізу қажет. Бұл туралы өзінің жалпыхалықтық үндеуінде айтып өтті. Яғни енді Үкімет пен Парламентке үлкен жауапкершілік жүктелмек. Үкімет халықтың алдында әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жауапты болады. Ал Парламент үлкен күшке ие бола отырып, бұл мәселелердің қалай шешілетіндігін бақылайды», – деді танымал саясаттанушы Берік Әбдіғалиұлы.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының билік тармақтарының арасында өкілеттіктерді бөлуге қатысты саясаттанушы Ерлан Сайыров та өзінің пікірін алға тартты.
«Елбасының үндеуін мұқият тыңдап шықтық. Бұл өзгеріп жатқан әлемге жаңа көзқарас. Біз нақты саяси реформалардың алдында тұрмыз. Үкімет парламентпен бекітілетін болады. Ең негізгісі Үкімет Парламенттің алдында отставкаға кетеді. Яғни билік тармақтарының арасындағы қарым-қатынастың форматы өзгереді»,- деді ол.
Саясаттанушының пікірінше, бұл бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі.
«Ең негізгісі осы процеске қоғам, халық, еліміздің әр түрлі қоғам өкілдерін жан-жақты тарту керек. Яғни, жалпыхалықтық талқылау болуы керек. Сонда бұл реформа оңтайлы жүзеге асады»,- деп түйіндеді Е.Сайыров.
Айта кетейік, Елбасы өзінің үндеуінде Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беретінін айтты. Мемлекет басшысы бұл салаға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады деп отыр. Өкілеттіктерді беру тиісті Заңдарды өзгерту арқылы іске асады.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді