- Басты
- Жаңалықтар
- Үкіметті жасақтаудағы Парламенттің рөлін күшейту қажет – Н.Назарбаев
Үкіметті жасақтаудағы Парламенттің рөлін күшейту қажет – Н.Назарбаев
«Сіздердің назарларыңызға еліміз үшін аса маңызды мәселені ұсынып, жария етпекпін. Бұл - ҚР Конституциясы мен заңдарына өзгеріс енгізу. Біздің алдымызда билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу міндеті тұр. Қазір заманның дидары өзгерді. Біз де өзгеруге тиіспіз. Сол себепті мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез келді. Мен елдің мүддесіменен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып, осындай байлам жасадым. Арнайы құрылған жұмыс тобы атқарылған істерді баяндады», - деді ол.
Сонымен қатар, Президент мемлекеттік басқару жүйесіне енген өзгерістер екі бағыт бойынша жүргізілетінін атап өтті.
«Реформа екі негізгі бағыт бойынша іске асырылады. Біріншіден, президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттерін үкіметке және басқа да атқарушы органдарға берген жөн деп санадым.Сонда бұл салаға үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады. Өкілеттерді беру тиісті заңдарға өзгерту енгізу арқылы іске асатын болады. Бұл өзгерістерді үкімет қазіргі ҚР Парламенті сессиясының аяғына дейін енгізуі тиіс.
Екіншіден, мұндай күрделі міндет билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде жүргізуі керек. Осы реформа аясында үкіметті жасақтаудағы Парламенттің рөлін күшейтеміз.Парламент сайлауында жеңген Партия үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал ететін болады. Бұл министрлер кабинетінің өкілетті билік алдындағы жауапкершілігін арттырады», - деді Елбасы.
Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев аталған мәселелер бойынша арнайы жұмыс тобы құрылғандығын айтты.
«Тиісінше, биліктің заң шығарушы тармағы атқарушы билікке бақылауды күшейтетін болады. Айтылған осы екі бағыттың қай-қайсысы да жауапкершілік пен кәсібилікті арттыру арқылы мемлекеттік басқарудың тиімділігін күшейтеді. Жұмыс тобы барлық сұрақты жан-жақты зерттеп, қоғамдық талқылауға шығару үшін ұсыныстар әзірлеуі қажет», - деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Білім беру гранттарын тағайындау: Қандай құжаттар қажет -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу