- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатта БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі лауазымындағы Қазақстанның жұмысындағы басымдықтар анықталды (ФОТО)
Сенатта БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі лауазымындағы Қазақстанның жұмысындағы басымдықтар анықталды (ФОТО)
Сенаттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Д.Назарбаева геосаясат және әлемдік дипломатияда Астана үдерістері ретінде тарихқа енген Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі келіссөздердің аяқталуымен Сыртқы істер министрлігінің ұжымын құттықтады.
«Бұл Елбасымыздың саяси күш-жігері мен біздің еліміз дипломаттарының қажырлы қызметінің арқасында мүмкін болды. Осынау аса маңызды әрі нәтижелі жұмыс үшін комитеттің атынан алғыс айтамын. Жедел нәтижені ешкім күтіп отырған жоқ, дегенмен, ең бастысы, Сирия мәселесіндегі сең қозғалды, енді оның оң бағытта ғана дамитынына сенім артамыз», - деді сенатор.
Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов сыртқы саяси қызметтің қағидаттары мен қадамдары, мақсаттары мен міндеттері және басымдықтары жөніндегі негізгі мәселелер көрініс тапқан Сыртқы саясат тұжырымдамасымен сенаторларды егжей-тегжейлі таныстырды.
2017-2018 жылдарға Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі лауазымындағы Қазақстанның жұмысындағы басымдықтарға ерекше назар аударылды.
Д.Назарбаева БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі қазақстандық дипломаттардың жұмысын республикалық электрондық бұқаралық ақпарат құралдары мен басылымдарда жария етуді ұлғайту қажеттігіне назар аударып, алға қойылған міндеттерге қол жеткізуде елшілер қауымына тілектестігін жеткізді. Кездесу барысында сондай-ақ, Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі барысында Сыртқы істер министрлігі мен Парламенттің өзара байланысы; Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінің іс-қимылы; елімізге инвестициялар мен жаңа технологияларды тартудағы Қазақстанның сыртқы саясатын ілгерілету; Сыртқы істер министрлігі қызметкерлерінің әлеуметтік саладағы өзекті мәселелері талқыланды.
Сенаторлар Нұртай Әбіқаев, Икрам Адырбеков, Мұхтар Алтынбаев, Серік Жақсыбеков және Георгий Ким еліміздің сыртқы саясат мекемесінің жұмысын жетілдіру жөніндегі өз ұсыныстарын ортаға салды.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты