• Басты
  • Голландиялық компания қазақстандық картоп өндіретін жобаға инвестиция құюда
25 Қаңтар, 2017 19:17

Голландиялық компания қазақстандық картоп өндіретін жобаға инвестиция құюда

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов «Фарм Фритес» голландиялық компаниясының өкілдерімен кездесті.
Голландиялық компания қазақстандық картоп өндіретін жобаға инвестиция құюда

Primeminister.k хабарлағандай, қазіргі уақытта «Көктем Агросервис» ЖШС мен «Фарм Фритес» компаниясының арасында тоңазытылған  картоп өнімдері зауытының құрылысын Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірінде жүргізу бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Келіссөз барысында қуаттылығы 140 мың тонна картоп өндіретін жоба талқыланып, жоба бойынша инвестиция құны қарастырылуда.«Фарм Фритес» компаниясы қазіргі уақытта Павлодар мен Қарағанды облыстарының шикізат базасы бойынша Одақ мүшелерімен техникалық жабдықталу, қойма қуаттылығы және табиғи-климаттық жағдайлары бойынша картопты баптау жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

«Фарм Фритес» компаниясы 1971 жылы Нидерландыда отбасылық кәсіпорын ретінде құрылған. Компания салқындатылған және тоңазытылған картоп өнімдерін өндірумен айналысады. Компания әлемнің 40 елінде 1 500 қызметкерден тұратын 6 зауыты мен 40 сату кеңсесі жұмыс жасап тұр. Картоптың өнімділігі жылына 1,3 млн тоннаны құрап, әлемнің 80-нен аса еліне экспортталуда.

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды