- Басты
- Жаңалықтар
- И. Тасмағамбетов: Ғылымды дамытуда болашақта одан қандай қайтарым болатынын білу маңызды
И. Тасмағамбетов: Ғылымды дамытуда болашақта одан қандай қайтарым болатынын білу маңызды
Бүгінгі таңда барлық мелекеттер адамзат қызметінің стратегиялық маңызды саласы ретінде ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөледі. Ол елдің бәсекеге қабылеттілігі мен экономикалық өсімін қамтамасыз ететін негізгі ресурс саналады.
Елдің ғылыми әлеуетін көтеру көптеген факторларға байланысты, оның ішінде ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру да бар. Бұл үрдісті реттейтін құжаттардың бірі – «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Оның аясында үдемелі және коммерциялық тиімді жобалар жүзеге асырылуда.
«Біз қанша жобаны жүзеге асырамыз, нені қаржыландырамыз, ол қанша уақытқа созылады. Мұның барлығын нақты әрі анық түсінуіміз қажет. Ең бастысы, одан қандай қайтарым болатынын білуіміз тиіс», - деді кеңесте Иманғали Тасмағамбетов.
Қаржыландыру көлемі, зерттеудің нәтижелілігі және оны іске асыру қаржыландыру механизмі мен бақылауға тәуелді. Сонымен қатар, ғалым бір мезетте ғылыммен және оның нәтижелерін өнідірске енгізумен сәтті айналыса алмайды. Бұл үшін құзырлы құрылымдар мен мамандар тартылуы керек. Сондай-ақ, ғылыми зерттеулерді өндіріске енгізуді сынау үшін өндірістік-тәжірибелік база құруды қарастыру маңызды.
«Соңғы 20 жылда әлемде біздің технологияларды коммерциялауға жеке инвесторлар 370 миллион доллар қаржы салды. Қазіргі уақытта қазақстандық технология бойынша завод құрылысын салуға 3,5 млрд доллар бөлінді. Жыл сайын 4 миллиард долларды құрайтын таза металл шығарылады. Оның үштен бір бөлігі Қазақстанда, қалғаны шетелде өндіріледі», - деп атап өтті «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы» РМК бас директоры Әбдірасыл Жарменов.
Қазақстанның ғалымдары мен ғылыми мекемелерінің ғылым индустриясының негізі болудағы әлеуетке жоғары. Бұл үшін ғылым мен өндіріс арасында тығыз байланыс орнатылып, экономиканың нақты секторы ғылыми міндеттерді айқындап отыруы тиіс.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары