- Басты
- Жаңалықтар
- 5 мыңнан астам абитуриент ЖОО-да білім алуды жалғастыру мүмкіндігін алды
5 мыңнан астам абитуриент ЖОО-да білім алуды жалғастыру мүмкіндігін алды
2016 жылы талапкерлерге қиыншылықтар тудырып келген моральдық-психологиялық проблемалар қатарын жойып, жоғары білім алу мүмкіндігін айтарлықтай жеңілдететін шаралардың енгізілгені көпшілікке белгілі. Былтырғы жазда өткізілген ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша ең төменгі шекті деңгейді бағындыра алмаған талапкерлер алғаш рет тесттерді қайта тапсыру мүмкіндігін алды. Нәтижесінде 12 мыңға жуық талапкер жоғары оқу орындарына түскен болатын.
Сонымен қатар, қайта өткізілген тестілеу қорытындылары бойынша да төменгі шекті балл жинай алмаған талапкерлер ЖОО-на бірінші семестр аяқталғанша, шартты түрде қабылданған. 19-24 қаңтар аралығында өткен кешенді тестілеуді аталған санатқа жатқызылатын студенттер тапсырып, олардың 5 мыңнан астамы ЖОО-да білім алуды жалғастыру мүмкіндігін алды.
Сондай-ақ, шет елдерде оқып, қазақстандық жоғары оқу орындарына ауысуға ықылас білдірген 12,5 мыңнан астам студент кешенді тестілеуді сәтті тапсырған.
Осылайша, ағымдағы оқу жылында қосымша 30 мыңға жуық адам еліміздің жоғары оқу орнында білім алуға мүмкіндік алды. Бұл нәтиже еліміздегі жоғары білімі бар азаматтар үлесін арттыру жөніндегі стратегиялық міндеттермен жанасады. Мысалы, білім алуға бірдей мүмкіндік туғызу Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) кіретін мемлекеттердің басымдықтары қатарында. Білім алу мүмкіндіктері жоғары елдердің алғашқы бестігіне Швеция, Финляндия, Нидерланды, Бельгия (Фламанд аймағы) және Ирландия сынды мемлекеттер кіреді.
Осылайша, Қазақстанда кең бейінді мамандар үлесінің артуы арқылы жоғары білімді ұлт қалыптастыруға бағытталған шаралар әлемдік үрдістерге сай келеді. Жоғары білімі бар адамдар жаңа жұмыс орындарын ашуға бастамашылық жасап, қажеттілік туындаған жағдайда қысқа мерзімде қайта оқытыла алады.
Ал, ЖОО-дар үшін бұл нарықтың қажеттіліктеріне барынша сәйкес мамандарды дайындау міндеттерін іске асыру мүмкіндігі. Басқаша айтқанда, халықтың жоғары білім алу мүмкіндігін кеңейтудің экономикалық және әлеуметтік нәтижелері қоғамның дамуы мен жеке азаматтардың әл-ауқаттарын жақсартуға оң ықпал етпек.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды