• Басты
  • Астанада 8-9 қыркүйекте Қазақстанда жолбарыс популяциясын қалпына келтіру жөніндегі келісімге қол қойылады
25 Қаңтар, 2017 16:24

Астанада 8-9 қыркүйекте Қазақстанда жолбарыс популяциясын қалпына келтіру жөніндегі келісімге қол қойылады

Астанада 8-9 қыркүйекте Қазақстанда жолбарыс популяциясын қалпына келтіру жөніндегі келісімге қол қойылады, бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Астанада 8-9 қыркүйекте Қазақстанда жолбарыс популяциясын қалпына келтіру жөніндегі келісімге қол қойылады | Strategy2050.kz

Сондай-ақ, Колация БҰҰДБ, ШЫҰ, ЕҚЫҰ, WWF, БҰҰ-ның «Барлығы үшін орнықты энергия» бастамасы секілді және тағы да басқа халықаралық ұйымдармен бірлесіп ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде тақырыптық, мәдени, туристік және экскурсиялық іс-шаралар ұйымдастыру.

Коалиция ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде мынадай ірі тақырыптық іс-шаралардың ұйымдастырушысы болады: «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасының V Халықаралық конференциясы, XIV Пестицидтер мен хлорлы органика жөніндегі халықаралық форум, ШЫҰ Инновациялық форумы, сондай-ақ ШЫҰ елдері павильонын жайластыру және оны жұмыс істету.

2016 жылы ШЫҰ Хатшылығы жанынан ШЫҰ елдерінің Экологиялық ынтымақтастық департаменті құрылды. 2016 жылғы қазанда Коалиция ШЫҰ елдері павильоны мен тақырыптық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша ШЫҰ Хатшылығы әріптесі болып табылатын «Жаңа еуразиялық топпен» меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ, Коалиция әріптестік аясында Павильонды көрмеден кейін пайдалану және «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасын дамыту, Павильонға, тиісінше, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне келушілер санын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды пысықтауда.

Павильонда конкурстық негізде ғалымдар мен өнертапқыштардың, экологтердің, кәсіпкерлердің, экологиялық қолөнер, Hand-made, экологиялық сән, дизайн, сәулет шеберлерінің үздік жобалары қойылатын болады. Сондай-ақ, үздік жасыл практикалар, білім беру, институциялық жобалар, жастар мен балалардың жобалары, фильмдер және т.б. келушілер назарына ұсынылатын болады.

Бұдан басқа, Коалиция Дүниежүзілік жабайы табиғат қорымен (WWF) әріптестікте Қазақстанда жолбарыс популяциясын қалпына келтіру жобасын дайындауға кірісті, сондай-ақ БҰҰ мен WWF елшілерін ағымдағы жылы 8-9 қыркүйекте ЭКСПО-2017 іс-шараларына қатыстыру мәселесін пысықтады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды