- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада жаһандық қауіптерге қарсы өңірлік хаб құру мәселесі талқыланды
Астанада жаһандық қауіптерге қарсы өңірлік хаб құру мәселесі талқыланды
Бас прокуратура хабарлағандай, кездесу барысында алдағы кезеңге арналған ғылыми және білім беру аспектілері бойынша Академия мен ЕҚЫҰ Офисі арасындағы ынтмақтастық мәселелері талқыланды.
Ұлан Байжанов өзінің алғы сөзінде Академия жұмысының негізгі бағыттары мен жобалары туралы айтып өтті.
Елші Дьердь Сабо өз кезегінде Ұлан Байжановқа жылы қабылдағаны үшін алғыс айтып, Академия базасында Жаһандық қауіптерге қарсы өңірлік хаб құру туралы жобаға қызуғышылығын білдірді.
Хаб халықаралық экстремизм мен терроризмге қарсы күрес, есірткі мен қарудың заңсыз айналымы, адам саудасы, киберқылмыстылық, қаржы қылмыстары мен сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша зерттеу және оқыту орталығы ретінде қалптасады.
Қазақстанның геосаяси орналасуын назарға ала отырып, хабта қазақстандықтармен бірге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстанның, ал болашақта Ауғанстан мен Пәкістанның құқық қорғау және арнайы органдары қызметкерлерін оқыту жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта тренингтерді ұйымдастыру үшін халықаралық дәрежедегі сарапшыларды тарту бойынша шетелдік серіктестермен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің өкілі Өңірлік хаб аясында жоспарланып отырған оқыту іс-шараларын ұйымдастыруға, сондай-ақ осы жобаны халықаралық аренада ілгері жылжытуға жәрдемдесуге дайын екенін айтты.
Кездесу соңында ректор Д.Сабоның дипломатиялық қызметіне сәттілік тілеп, екіжақты қарым-қатынастың одан әрі нығаюына сенім білдірді.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
ӘЭД: Инфляция, азық-түлік бағасының қымбаттауы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар